Дауыс беру биыл 27 қазан мен 9 қараша аралығында өтеді
27 қазаннан бастап Алматыда "Халыққа қатысатын бюджет" (ХҚБ) жобасы аясында қала тұрғындарының ұсынысына дауыс беру кезеңі басталады, деп хабарлайды Almaty.tv.
Биыл алматылықтар 4 632 бастама ұсынды. Өтінім 1-30 қыркүйек аралығында қабылданды. Енді жобаның маңызды кезеңі басталады. Келесі жылы қандай бастамалардың жүзеге асырылатыны тұрғындардың дауыс берулеріне байланысты болады.
Дауыс беру биыл 27 қазан мен 9 қараша аралығында өтеді. Оған қаланың әрбір тұрғыны budget.open-almaty.kz платформасы арқылы қатыса алады.
"Халық қатысатын бюджет-2025" жобасының негізгі кезеңдері:
"Халық қатысатын бюджет" жобасы тұрғындарды қаланың даму үдерісіне тартуға бағытталған. Әрбір алматылық бастамасын ұсынып, өзіне ұнайтын жобаны таңдап, орындалуын қадағалай алады.
Келесі өтінім 2026 жылы қабылданады. Толық ақпарат budget.open-almaty.kz. сайтында орналастырылған.
Оқи отырыңыз: Премьер-министр әлеуметтік сала қызметкерлеріне мемлекеттік наградаларды табыстады