Алматыда сот шешімімен тағы бір дәмхана бұзылды

Қала әкімдігінің баспасөз қызметі
Қала әкімдігінің баспасөз қызметі

Меншік иесіне қатысты әкімшілік шаралар қабылданып, анықталған заңбұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілді

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Жандосов көшесі, 78А мекенжайында орналасқан жазғы террасасы бар кулинария нысаны сот шешімімен заңсыз деп танылды. Бұл туралы Алматы қаласының Құрылыс бақылау басқармасынан мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бұған дейін жүргізілген жоспардан тыс тексеру нәтижесінде «Biens Immobiliers» ЖШС нысанды рұқсат беру құжаттарынсыз салғаны анықталды.

Меншік иесіне қатысты әкімшілік шаралар қабылданып, анықталған заңбұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілді.

2025 жылдың 25 ақпанында нұсқама талаптарының орындалмауына байланысты нысанды бұзу туралы талап-арыз Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына жолданды.

2025 жылдың 29 мамырында сот басқарманың талап-арызын толық көлемде қанағаттандырды. Нысанды мәжбүрлі түрде бұзу шарасы сот орындаушыларының қатысуымен кеше жүзеге асырылды.

Оқи отырыңыз: Алматыдағы он қиылыста «вафельді» жолақтар пайда болды

Новости партнеров