Білікті кадрларды даярлайтын мансаптар алаңы 4 бағыт бойынша білім береді
Алматыда жас мамандардың шеберлігін шыңдайтын қаладағы тоғызыншы құзыреттілік орталығы ашылды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Білікті кадрларды даярлайтын мансаптар алаңы Алматы көпсалалы колледжінің базасында орналасып, негізгі 4 бағыт бойынша білім береді. Студенттер оқу барысында игерген қабілеттін тәжірибе жүзінде көрсетіп, өз бетінше жиһаз жасап, машина бөлшектерін құрып, сәулет және дизайнмен айналыса алады. Сондай-ақ орталықта сала мамандары тағылымдамадан өтіп, біліктілігін де шыңдайды.
"Бұл құзіреттілік орталығы болашақта студенттердің білімін күшейтуге және стажировкадан өтіп, мамандық бойынша тәжрибеден өтеді және қалалақ, республикалық, халықаралық WorldSkills чемпионатына дайындық өтеді", – деді Алматы көпсалалы колледжінің директоры Асылхан Бейсетбаев.
"Кабинет ашылғалы жоба бойынша сурет саламыз және компьютерден логотип, сертификат жасаймыз", – деді студент Олжас Майлыбай.
Мамандығы бойынша шеберлігін дәлелдеп «Үздік медальон» иегерлері атанған студенттерді қала әкімінің орынбасары құттықтады. Іс-шара аясында әлемдік аренада жоғары кәсібилік көрсетіп, Францияда жас мамандар арасындағы WorldSkills International-да жүлделі орындармен оралған 9 студент марапатталды.
"WorldSkills-қа тосыннан қатыстым. Негізі мен гипсокартонмен жұмыс істейтін құрылыс мамандығына оқыдым. Әлемнің әр түкпірінен жиналған мамандарды көріп, жарысу қызық болды. Бұл – болашағымыз үшін керемет мүмкіндік"– деді Worldskills international жүлдегері Михаил Попов.
Оқи отырыңыз: Талғарда жер сілкінісіне байланысты мектептерде сабақ өтпейтін болды