Алматыда жыл сайын кемінде 40 ірі мәдени-бұқаралық іс-шара өткізілмек

Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Сондай-ақ спорттық инфрақұрылымды жаңғырту жұмыстары жалғасады

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда жыл сайын кемінде 40 ауқымды мәдени-бұқаралық іс-шара өткізу жоспарланып отыр. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифинг барысында Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды мәлімдеді, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Шаһар басшысы мәдениет қаланың маңызды әлеуметтік құрамдас бөлігі ғана емес, сонымен қатар оның инвестициялық тартымдылығын арттыратын елеулі құндылық екенін атап өтті.

Әкімнің айтуынша, 2028 жылға дейін Қазақ мемлекеттік циркін, Алматы хайуанаттар бағын, Сац атындағы мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрын, сондай-ақ Қазақстан Жазушылар одағының ғимаратын қайта жаңғырту жоспарланған.

«Қалада жыл сайын кемінде 40 ірі мәдени-бұқаралық іс-шара өткізіліп, тұрғындарды мәдени өмірге кеңінен тартуға және заманауи мәдени кеңістік қалыптастыруға бағытталады», – деді Дархан Сатыбалды.

Сондай-ақ салауатты өмір салтын кеңінен насихаттау мақсатында спорттық инфрақұрылымды жаңғырту жұмыстары жалғасады. 2027 жылға дейін «Медеу» биік таулы спорт кешенін қайта жаңғырту жоспарланған. Негізгі жобалардың бірі – UEFA талаптарына сай, 45 мың көрерменге арналған жаңа стадион салу. Нысан құрылысын 2027 жылы аяқтау көзделіп отыр.

Оқи отырыңыз: Алматы әкімі мердігерлерге аванс беруді тоқтатты: төлем тек нақты орындалған жұмыс үшін беріледі

Новости партнеров