Алматының Бостандық ауданында 1983 жылғы құбыржолды ауыстырады

Қала әкімдігінің баспасөз қызметі
Қала әкімдігінің баспасөз қызметі

Жалпы 2025 жылы қалада 39 км жылу желілерін жаңғырту жоспарланып отыр

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда Ғабдуллин, Жағалау маңы, Хамит Ерғалиев, Бұқар жырау желекжолы және Байтұрсынов көшелерінің контурымен төселген құбыржолды жаңғырту жүргізілуде, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі «Алматы жылу жүйесі» ЖШС сілтеме жасап.

Жалпы ұзақтығы 2,7 километрді құрайтын жылу трассасы 220-ден астам қала объектілерін жылумен қамтамасыз етіп отыр. Жазғы кезеңде Бостандық ауданының тұрғындарына ыстық су беру уақытша құбыржол арқылы қамтамасыз етіледі. 

Құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін 2025 жылдың 20 мамырынан бастап 1 тамызына дейін: Римский-Корсаков көшесімен (Бұқар жырау желекжолынан бастап Ғабдуллин көшесіне дейін); Ғабдуллин көшесімен (Нахимов көшесінен бастап Марков көшесіне дейін) автокөліктер қозғалысы жабылады. 

"Жалпы, ағымдағы жылы қалада 39 км жылу желілерін жаңғырту жоспарланып отыр. Бұл тозу деңгейін 54,1 % дейін төмендетуге мүмкіндік береді.  Уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауларыңызды сұраймыз", - делінген хабарламада. 

Оқи отырыңыз: Қазақстандық студенттер Гонконгта мемлекеттік грант бойынша оқи алады

Новости партнеров