Алматының Наурызбай ауданының бюджеті  40% -дан 29,7 млрд теңгеге өсті

Қала әкімдігінің баспасөз қызметі
Қала әкімдігінің баспасөз қызметі

Ауданда қазір шамамен 32 мың шағын және орта бизнес нысаны жұмыс істейді

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Өңірлік коммуникациялар қызметінде Наурызбай ауданының әкімі Назира Тоғызбаева биылғы он айдағы әлеуметтік-экономикалық дамудың негізгі көрсеткішін таныстырды. Ауданда инвестиция, бизнес-белсенділік пен бюджеттің кіріс бөлігі сияқты негізгі бағыттарда тұрақты өсім байқалған, деп хабарлайды Almaty.tv.

Әкімнің мәліметінше, өңдеу өнеркәсібінің беталысы жақсы: 2025 жылдың қаңтар–қыркүйек айында өндіріс көлемі 13,8 млрд теңгеге жетіп, өткен жылғы осы уақытпен салыстырғанда 1,2%-ға артыпты.

«Инвестициядағы белсенділік – дамудың қозғаушы күші болып қала береді. Ауданға 145,2 млрд теңге инвестиция тартылды, бұл былтырғыдан 49%-ға көп. Жыл соңына дейін жалпы инвестиция көлемін 197 млрд теңгеге жеткізу жоспарланып отыр, оның 150 млрд теңгесі құрылысқа, 47 млрд теңгесі сауда, өндіріс пен басқа да салаларға жұмсалады», - дейді Назира Тоғызбаева.

Ауданда қазір шамамен 32 мың шағын және орта бизнес нысаны жұмыс істейді. Олар салық түсімінің 33%-ға өсуін қамтамасыз етіп, жалпы 49,6 млрд теңге түсім әкелген (оның ішінде жергілікті бюджетке – 35,4 млрд теңге, республикалық бюджетке – 14,5 млрд теңге). Кәсіпкерлікті үзбей қолдағанның арқасында шамамен 7000 жаңа жұмыс орны ашылды.

2024 жылы Наурызбай ауданының бюджеті 18 млрд теңгені құраған. 2025 жылы бюджет көлемі тағы 40%-ға өсіп, 29,7 млрд теңгеге жетіп отыр.

Оқи отырыңыз: Алматы – оқырмандар қаласы: 2,8 млн алматылық қала кітапханаларына барады

Новости партнеров