Ана – өмір шуағы: Алматыда отбасы құндылықтарына арналған диалог алаңы өтті

Игі бастама «Отбасы – бақыт мекенім» жобасы аясында ұйымдастырылып отыр

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда отбасы құндылықтарын дәріптеуге және аналардың қоғамдағы рөлін кеңінен талқылауға арналған диалог алаңы өтті, , деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Игі бастама қалалық Ішкі саясат басқармасы Қоғамдық даму орталығының ұйытқы болуымен, «Отбасы – бақыт мекенім» жобасы аясында ұйымдастырылып отыр.

«Ана – өмір шуағы» тақырыбында өткен іс-шараға қоғам қайраткерлері, сарапшылар, психологтар мен құқық қорғау саласының мамандары қатысты.

Кездесуде ұлттық салт-дәстүрдің отбасы тұрақтылығындағы маңызы, әйелдердің құқықтық сауаттылығы, көшбасшылық қабілеті және бала тәрбиесіндегі рөлі кеңінен талқыланды.

«Alpha және Z ұрпақтарын тәрбиелеудегі ананың рөлі қазіргі заманда орасан зор. Осы мақсатта біз түрлі психологтарды, соның ішінде отбасылық мәселелермен айналысатын мамандар мен құқық саласының өкілдерін шақырып, арнайы диалог алаңын ұйымдастырып жатырмыз», — деді ұйымдастырушы Нұрислам Исмаил.

Оқи отырыңыз: Маңғыстаулық кейуана 80 жылдық тарихы бар ұршықты қалай сақтап отыр

Новости партнеров