Қалалық әкімдігінің мәліметінше, жобаны қараша айының соңына дейін толық аяқтау жоспарланған
Алматыда Сәтбаев пен Байтұрсынов көшелерінің қиылысында орналасқан Геологтар аллеясы жаңғыртылуда. Қала әкімі Дархан Сатыбалды жұмыс сапары барысында нысанның жай-күйімен танысты, деп хабарлайды Almaty.tv.
Аумағы 1,8 гектар аллеяда жаңа серуен аймақтары, 350 орындық амфитеатр, көгалдандырылған кеңістіктер мен демалыс орындары салынуда. Жоба аяқталысымен қала тұрғындары мен қонақтары үшін заманауи қолайлы жаңа «жасыл» кеңістік ашылмақ. Бүгінде мұнда шыған мен шынар тұқымды 16 ірі ағаш отырғызылды. Көгалдандыру жұмыстары кезең-кезеңімен жалғасады. Қалалық әкімдігінің мәліметінше, жобаны қараша айының соңына дейін толық аяқтау жоспарланған.
Оқи отырыңыз: Қала әкімі сирек кездесетін кітап қорымен танысты