Қала күніне орай Алматыда «Үздік жасыл мектеп» байқауының 16 қатысушысы анықталды
Бұл туралы Алматы қаласының Білім басқармасының өкілдері айтты
Алматыда Қала күніне орай ұйымдастырылған «Үздік жасыл мектеп» қалалық байқауының аудандық кезеңі аяқталды. Оның қорытындысы бойынша келесі кезеңге қаланың әр ауданынан екі білім беру ұйымынан, барлығы 16 ұйым өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.
Аудандық кезең 28 тамыз бен 5 қыркүйек аралығында өтті. Қатысушылар портфолиоларын, бейнематериалдарын және экологиялық жобаларын ұсынды. Сонымен қатар мектеп аумағын көгалдандыру, көркейту және экологиялық мәдениетті қалыптастыру бағытында атқарған жұмыстарын көрсетті.
Байқаудың негізгі бағыттарының бірі – «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бастамасының қағидаттарын білім беру ұйымдарында іске асыру. Мектептерде қалдықтарды бөлек жинау, ресурс үнемдеу, экохабтар мен жылыжайлардың жұмысын ұйымдастыру, экологиялық еріктілікті дамыту және оқушыларға арналған практикалық сабақтар өткізу тәжірибесі бағаланды.
Байқауға дайындық кезінде оқушылар, педагогтер мен ата-аналар да белсенді атсалысты. Қатысушы мектептер жасыл аймақтар мен гүлзарларды ретке келтіріп, қалдықтарды бөлек жинауға арналған орындарды жетілдіріп, түрлі экологиялық бастамаларын таныстырды.
8 қыркүйекте байқаудың қалалық кезеңі басталды. Ол 16 қыркүйекке дейін жалғасады. Қатысушылардың жұмысы ұсынылған материалдар, экохабтардың қызметі, экологиялық және тәрбие жобалары, сондай-ақ инновациялық және цифрлық шешімдер негізінде бағаланады.
Үздік тәжірибелерді Алматыдағы басқа білім беру ұйымдарына енгізу жоспарланып отыр.
Байқау балалардың экологиялық әдетін қалыптастыруға және өскелең ұрпақты «Таза Қазақстан» қағидаттарын іс жүзінде жүзеге асыруға тартуға бағытталған жұмыстың бір бөлігіне айналды.
Оқи отырыңыз: Алматылық дәрігерлер ауыр жамбас жарақатын алған науқасты оңалтты