Алматыда Қазақстан–Қытай инвестициялық форумы өтті
Форум аясында жалпы құны 8,2 млрд доллар болатын 50 коммерциялық құжатқа қол қойылды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Алматыда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Қазақстан–Қытай инвестициялық форумы алғаш рет өтті. Жиынға екі елдің Үкіметі, өңірлері, ұлттық компаниялары мен бизнес қауымдастығының өкілдерін қоса алғанда, 600-ден астам адам қатысты.
Форум аясында жалпы құны 8,2 млрд доллар болатын 50 коммерциялық құжатқа қол қойылды.
Президенттің ұсынысымен форум енді жыл сайын қыркүйек айында «Қазақстан – Қытай» Алматы инвестициялық диалогы форматында өтетін болады. Бұл алаң екі елдің іскер топтары арасында тікелей байланыс орнатып, жаңа инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға бағытталмақ.
"Алматы Қазақстан мен Қытай арасындағы ынтымақтастықты және өңірлік дамуды нығайтуға бағытталған жаңа жобалар үшін маңызды алаң бола береді", – деп атап өтті қала әкімі Дархан Сатыбалды.
Оқи отырыңыз: Алматыда Sadraddin-нің концертіне көрермендер қалай кіргізіледі