Үлкен Алматы өзенінің арнасына интерактивті арт-нысан орнатылды

пресс-служба акима Алматы
пресс-служба акима Алматы
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда Сайран көліне құятын Үлкен Алматы өзенінің арнасына арт-нысан орнатылды. Оған DASM Group жарнама холдингінің құрамына кіретін «Progression CA» ЖШС жарнама агенттігі мұрындық болған, деп хабарлайды Almaty.tv.

Игі іске бюджет қаржысы жұмсалған жоқ, жобаға бастамашы агенттік қаражат бөлген. Арт-нысан Қоғамдық кеңістіктерді дамыту басқармасымен келісілген. Енді наурыз айының соңында ресми түрде ашылмақ. 

Мүсіннің идеясы халықаралық деңгейде кеңінен талқыланған Алматыдағы Сайран көлі маңында болған итті құтқару оқиғасына негізделген. Бұл қоғамға қарапайым, бірақ маңызды құндылықтарды тағы бір мәрте еске салды.

Арт-нысанның тұжырымдамасы өзара көмек, ынтымақ пен бірлік идеясын дәріптейді. Композиция бір-бірімен байланысқан адамдар бейнесі арқылы қиын сәтте қолдау көрсету мен бірлескен әрекеттің маңызын көрсетеді. Жобаның өзегінде қоғамда кеңінен қолдау тапқан адамгершілік қағидалары жатыр. 

Заманауи интерактивті форматта жасалған арт-нысан қала тұрғындары мен қонақтары жиналатын жаңа орынға айналмақ. Нысан ортақ игілік жолындағы бірлік пен ынтымақтастықтың мәнін тереңірек ұғынуға жетелейді. 

Жобаның басты мақсаты — қоғамдық кеңістіктерді дамыту және бірлік, өзара көмек пен ынтымақтастық құндылықтарын қалалық ортада кеңінен насихаттау.

Оқи отырыңыз: Алматылық балуандар U23 Қазақстан чемпионатында жеңімпаз атанды

Новости партнеров