Алматыда кафеге қосымша салынған нысан бұзылды

пресс-служба акима Алматы
пресс-служба акима Алматы
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматының қала құрылысы басқармасы Абай даңғылы 34 мекенжайда аспалы қосымша күрделі нысанның заңсыз тұрғызылғанын мәлмдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Нәтижесінде Басқарма меншік иесіне (жеке тұлғаға) қатысты әкімшілік шаралар қабылдады және материалдарды сотқа жолдады.

2024 жылғы 16 сәуірде Әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың қаулысымен меншік иесі заңсыз тұрғызылған құрылысты мәжбүрлі түрде бұзды және ҚР ӘҚБтК 319-бабы бойынша кінәлі деп танылды.

Бөлшектеуді меншік иесі ерікті түрде жүргізді. 

Естеріңізге сала кетейік, Алматы әкімі Ерболат Досаевтың құрылысқа бақылауды күшейту жөніндегі тапсырмасы аясында 48 заңсыз нысан, оның ішінде «Мечта», KHAN, «Алма Гарден» тұрғын үй кешендері толығымен немесе ішінара бұзылған

Оқи отырыңыз; Visit Almaty: әуежайда жаңа ақпараттық орталық ашылды

Новости партнеров