Алматыда 6 қазанда 100 инватакси қызмет көрсетеді

elements.envato.com
elements.envato.com

20 кезекші автокөлік жүріп-тұруы қиын азаматтарға көлік қызметін көрсету үшін ұйымдастырылады

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда 6 қазанда жүріп-тұруы қиын азаматтар үшін қала әкімдігі «Инватакси» қызметін ұсынады, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Бұл қызмет арбамен жүретін және тірек-қимыл аппараты бұзылған мүгедектігі бар адамдарға, сондай-ақ көру қабілеті нашар азаматтарға қолжетімді.

«Инватакси» қызметіне келесі диспетчерлік қызмет нөмірлері арқылы тапсырыс беруге болады:

  • Тірек-қимыл аппараты бұзылған және арбамен жүретін азаматтар үшін: +7 747 402 6415, +7 707 710 6050 (WhatsApp);
  • Көру қабілеті нашар азаматтар үшін: +7 705 980 87 09, +7 705 831 48 14.

Сондай-ақ 6 қазанда 20 кезекші автокөлік жүріп-тұруы қиын азаматтарға көлік қызметін көрсету үшін ұйымдастырылады. Кезекші көліктерге 338-30-09 нөмірі арқылы қоңырау шалуға болады. Осы нөмір арқылы мүгедектігі бар адамдар көрсетілетін қызметтердің сапасы бойынша жүгіне алады.

Оқи отырыңыз: Қазақстандық спортшы Сеулде өтіп жатқан Әлем кубогінде күміс медаль алды

Новости партнеров