Алматыда Центральная көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

пресс-служба акима Алматы
пресс-служба акима Алматы
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Бостандық ауданындағы Центральная көшесінің бір бөлігінде орташа жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі, - деп хабарлайды Almaty.tv.

11 тамыз сағат 20:00-ден 15 тамызға дейін Кәкімбек Салықов көшесінен Жәңгір хан көшесіне дейінгі аралықта автокөлік қозғалысы толығымен жабылады.

Жөндеу жүргізіліп жатқан учаскеде ескерту белгілері және мердігер ұйым басшысының байланыс деректері көрсетілген ақпараттық тақта орнатылады. Жол жүру бағытын алдын ала жоспарлауды сұраймыз.

Еске салайық, көлік қозғалысына енгізілетін шектеу туралы барлық ақпарат @AlmatyJoly Telegram арнасында, әкімдіктің әлеуметтік желілердегі парақшаларында, сондай-ақ 2GIS және «Яндекс Карталар» қосымшаларында жарияланады.

Оқи отырыңыз: Алматы Қытай нарығында Орталық Азияның жетекші туристік бағыт ретіндегі орнын нығайтып келеді