Алматының Бостандық ауданында 68 аула мен 67 үйдің қасбеті жаңарады

пресс-служба акима Алматы
пресс-служба акима Алматы
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматының Бостандық ауданында қалалық ортаны кешенді көріктендіру жұмысы 2026 жылы да жалғасады. Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында аудан әкімі Азамат Қалдыбеков журналистерге осылай деп мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында жалпы сомасы 2 млрд теңгелік 14 жоба іске аспақ. Оның ішінде қоғамдық кеңістікті жөндеу, жүргіншілер аймағын жаңарту мен суару жүйесін жаңғырту да бар.   

«Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы тұрғындарға қалалық ортаны дамытуға тікелей қатысуға мүмкіндік береді. Барлық жобада қала тұрғындарының сұранысы ескерілген», - дейді Азамат Қалдыбеков.

Сонымен қатар ауданда аула аумақтарын ауқымды жаңарту жұмысы қоса жүргізіледі. 52 аулада күрделі жөндеу жүргізілсе, тағы 16 аулада ағымдағы жөндеу жұмыстары жоспарланған. Көріктендіру аясында 15 мың шаршы метр аулаішілік жол жөнделіп, балалар мен спорт алаңындағы 8 мың шаршы метр жабын жаңартылады, сондай-ақ 500 орындық пен қоқыс жәшігі орнатылады.

Бұған қоса, ауданда 67 көппәтерлі тұрғын үйдің қасбетін бірыңғай сәулеттік стильге келтіре отырып жаңарту жоспарланып отыр. Кейіннен олардың бір бөлігіне сәулеттік жарықтандыру жүйесі орнатылады. Жалпы алғанда, 26 нысанға сәулеттік жарықтандыру орнату көзделген.

«Біз аулалардан бастап ғимараттардың сыртқы келбетіне дейін жайлы қалалық ортаны қалыптастыруды кешенді түрде қолға алдық», - дейді әкім.   

Барлық жобаны жыл соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр.

Оқи отырыңыз: Алматының Бостандық ауданында 9 көше мен 33 шақырым жол жаңарады

Новости партнеров