Жеңіс күні: Алматыда қоғамдық көліктер қай бағытта тегін жүреді

Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

28 гвардияшы-панфиловшылар саябағы аумағында көлік қозғалысы уақытша шектеледі

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Жеңістің 80 жылдығына орай 9 мамырда гүл шоғын қою салтанаты өтетіндіктен, 28 гвардияшы-панфиловшылар саябағы аумағында көлік қозғалысы уақытша шектеледі, деп хабарлайды Almaty.tv

Сағат 07:00-ден 12:00-ге дейін Қонаев – Жібек жолы – Қазыбек би – Бәрібаев көшелері шектелетін аумақта көлік қозғалысы тоқтатылады. Бұл аумақта автотұрақ та уақытша жабылады.

Сондай-ақ осы уақыт аралығында Гоголь көшесі Орталық мәдениет және демалыс саябағынан Қонаев көшесіне дейін толықтай жабылады. Осы кезеңде көліктерді бұл көше бойында қалдырмауды сұраймыз.

Іс-шараға қатысушыларға ыңғайлы болу үшін 28 гвардияшы-панфиловшылар саябағынан келесі бағыттар бойынша біржақты тегін тасымалдау ұйымдастырылады:

  • Достық даңғылы (Төле би және Қазыбек би көшелерінің арасы) – Абай алаңы – Орталық стадион;
  • Қалдаяқов көшесі (Гоголь көшесінің оңтүстігінде) – Халық Арена;
  • Гоголь көшесі (Қонаев көшесінің бұрышы) – Райымбек батыр даңғылы / Абылай хан көшесі;
  • Қонаев көшесі (Гоголь мен Қазыбек би көшелерінің арасы) – «Сәлем» базары;
  • Гоголь көшесі (Қалдаяқов көшесінен батысқа қарай) – Алматы Арена.

Маршруттарыңызды жоспарлау кезінде уақытша шектеуді ескеруді және мүмкіндігінше балама жолдарды таңдауды сұраймыз.

Қоғамдық көлік маршруттарының өзгерісі AlmatyJoly парақшасынан көре аласыз.

Оқи отырыңыз: Ерболат Досаев ардагерлерді Жеңіс күнімен құттықтады

 

Новости партнеров