Депутаттар қалалардың экологиялық жағдайына алаңдаушылық танытты

Almaty.tv
Almaty.tv
Үш жыл ішінде қатерлі ісікке шалдыққан науқастар саны 14 пайызға өскен
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Депутаттар қалалардың экологиялық жағдайына алаңдап отыр. Сенатор Әбдәлі Нұралиев бүгінде қоршаған ортаға келтіріліп жатқан зардаптар қала тұрғындарының өмір сапасы мен тұрмыс жағдайына қолайсыздық тудырып отыр дейді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.


Экологтардың айтуынша, қала атмосферасының зиянды заттармен ластануының жоғары деңгейі денсаулыққа және өлім-жітім динамикасына теріс әсер етуде. Жыл сайын құрбан болатындар саны орташа есеппен 2 пайызға артады екен. Ал үш жыл ішінде қатерлі ісікке шалдыққан науқастар саны 14 пайызға өскен.

«Қазақстан Париж келісіміне орай 2030 жылға қарай парниктік газдардың шығарылуын 15%-ға қысқартуды міндетіне алған. Есепті кезеңде нысаналы индикаторлардың орындалмауына байланысты экология мəселелерінің Жол қарталары пысықталып, нақтылануы керек және іс-шаралардың нәтижелі жүзеге асырылуы тиіс деп санаймыз», - деді ҚР Парламенті Сенатының депутаты Әбдәлі Нұралиев.

Ал депутат Мұрат Бақтиярұлы ауыл шаруашылығы саласына арнайы банк ашу керек деген ұсыныс айтты. Сенатор осы кезге дейін Парламент қабырғасында бірнеше рет көтеріліп, бірақ шешімін таппай жатқан арнайы мамандандырылған ауыл шаруашылығы банкін ашу мәселесін қарауды сұрады. Себебі бұл шешімді бүкіл шаруалар күтіп отыр дейді.

«Біздің ауыл шаруашылығы өндірушілері Евразиялық экономикалық одаққа енген Ресей, Беларусь елдерінің ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерімен бәсекеге түсе алмай отыр. Өйткені бұл елдердің шаруаларының жері мен мүлкін кепілдікке алып, ұзақ мерзімге арзан несие беретін, бөлімшелері барлық аудандарда орналасқан агробанктері қызмет етеді», - деді ҚР Парламенті Сенатының депутаты Мұрат Бақтиярұлы.



Новости партнеров