|
29.03.2021 | 21:21
5972

Алматының кіреберістеріне 19 экобекет қойылады

Алматыда ауа ластануының алдын алу мақсатында жылжымалы экологиялық бекеттер автокөліктерді тексеріп жатыр

Алматының кіреберістеріне 19 экобекет қойылады Almaty.tv

Алматыда ауа ластануының алдын алу мақсатында жылжымалы экологиялық бекеттер автокөліктерді тексеріп жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бүгін әл-Фараби - Науаи қиылысында газ талдағышы мен түтін өлшегіші бар экологтар қоршаған ортаға лас қалдықтар тастайтын ауыр және ескі көліктерді тексеріп, евро стандартқа сай, сай еместігін анықтады. Шаһарда бұдан бөлек жұмыс жасап жатқан 4 экобекет бар. Алдағы уақытта тағы да 19 бақылау пункті құрылмақ.

«Әр машина жылымен, стандартымен евроға кіріп отырады. Сондай бізде 5 евроға бөлінеді. 1 күнде бір постқа 100 машина тоқтататын жағдай болса, соның жоқ дегенде 15-20 пайызы экология көрсетеді», – деді эколог Данияр Мәнекеев.

«Бүгінде ауаның ластануына басты себепкер – автокөліктер. Статистика бойынша қала аумағындағы ластанудың 57 пайызын автотрансфорт құрайды. Соның ішіндегі 20 пайызы ауыр жүк көліктеріне тиесілі. Осы жағдайды реттеу үшін қала кіреберістерінде рұқсатнаманың болуын міндеттейтін шешім де қабылдаған болатынбыз», – деді қалалық Жасыл экономика басқармасының басшысы Наталья Ливинская.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир