Қаржы министрі шағын бизнесті тексеруге мораторийді алып тастауды ұсынды
Ұсынылып отырған іс-шара мемлекеттік бюджет кірістерінің ұлғаюына мүмкіндік береді
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Микро және шағын бизнес субъектілерін тексеруге мораторийді алып тастау керек. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев айтты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
«Былтыр енгізілген тексерулерге үш жылдық мораторий кассалық тәртіпті төмендетті. Жосықсыз кәсіпкерлер бұл бастаманы салықтан жазасыз жалтару мүмкіндігі ретінде қабылдауда. Осыған байланысты микро және шағын бизнес субъектілерін тексеруге мораторийді алып тастау мәселесін қарастыруды ұсынамыз», – деді Ерұлан Жамубаев.
Жалпы Қаржы министрлігінің айтуынша, ұсынылып отырған іс-шара мемлекеттік бюджет кірістерінің ұлғаюына мүмкіндік береді.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
05.11.2026 08:10
Алматыда 9-15 қараша аралығында ауа райы қандай болады
06.11.2026 08:10
Қарызды төлей алмасаңыз, берешекті реттеудің қандай жолдары бар
06.11.2026 10:34