Ұлттық банк базалық ставканы сақтап қалды

Sputnik.
Sputnik.
Қаңтар айында Ресейдегі инфляция 5,0%-ға көтерілді, ал Қытай мен Еуроодақта тиісінше 1,7% және 1,5%-ға дейін төмендеді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

ҚР Ұлттық банкі базалық ставканы 9,25% деңгейінде қалдыруды шешті.

Жылдық инфляция төмендеуін жалғастырып, ақпанда мақсатты коридордың ортасынан төмен деңгейде қалыптасты. Алайда инфляцияның өсуіне әкелуі мүмкін тәуекелдер сақталуда.

2019 жылдың қаңтары мен ақпанында жылдық инфляция 5,2% және 4,8%-ға төмендеді. Бірақ инфляцияның баялауы әлі де тұрақты сипатқа ие емес.

«Ұлттық банк атап өткендей, бұған дейінгі базалық ставканы қарастыру кезінде сыртқы жағдайлар айтарлықтай нашарлайды деген қауіп болған, алайда ақпан айының қорытындысы бойынша ол қауіптер расталмады. Brent маркалы мұнай бағасы 65 доллардан жоғары деңгейде қалыптасуда», – делінген хабарламада.

Негізгі серіктес-мемлекеттердегі инфляция әртүрлі. Қаңтар айында Ресейдегі инфляция 5,0%-ға көтерілді, ал Қытай мен Еуроодақта тиісінше 1,7% және 1,5%-ға дейін төмендеді.

Қабылданған шешімдердің арқасында ақша-кредиттік жағдай нейтралды болып отыр. Нақты нарықтық проценттік ставкалар инфляция бойынша мақсатты межеге жетуге де, экономиканың өсім қарқынын сақтап қалуға да жеткілікті деңгейде.

Оқыс жағдайлар болмаса, жылдық инфляция 2019 жылы мақсатты коридордың жоғарғы шегіндегі 4-6% деңгейінде қалыптасуы тиіс.

Базалық ставка жөніндегі кезекті шешім 2019 жылдың 15 сәуірінде Астана уақытымен сағат 17:00-де қабылданады.


Новости партнеров