|
13.08.2019 | 14:36
3750

Қазақстанда кепілсіз несие бойынша айыппұл мен өсіпмпұлдарды өтеу аяқталды

Аталған шара биылғы жылдың 1 шілдесіне дейін жүргізілді

Қазақстанда кепілсіз несие бойынша айыппұл мен өсіпмпұлдарды өтеу аяқталды

Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев шараның қалай жүргізілгенін айтып берді. Айта кетейік, бұған дейін 5 миллионнан астам қазақстандықтың кепілсіз несиелері бойынша айыппұлдары мен өсімпұлдарын кешіру туралы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев тапсырған болатын, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Ерболат Досаевтың айтуынша, Ұлттық банк пен Үкімет банк және микроқаржы ұйымдармен бірлесіп, екі бағыт бойынша жұмыс істеп жатқанын алға тартты. Мәселен, біріншісі – 5 миллионнан астам қазақстандықтың кепілсіз тұтынушылық несиелеріндегі айыппұлдары мен өсімпұлдарын есептен шығару. Аталған шара биылғы жылдың 1 шілдесіне дейін жүргізілді. Айыппұлдар мен өсімпұлдар банктер тарапынан кешірілген. Ал екінші бағыт бойынша жұмыстар тамыз айының соңына дейін өткізілмек.    

«Халықтың әлеуметтік осал тобындағы адамдардың кепілсіз тұтынушылық несиелер бойынша берешекті 300 мың теңгеге дейін несиесін өтеу. Тізімдегі берешек туралы ақпарат жинау бойынша жұмыс жүргізілді, төлем тізімі жасалды», – деді ҚР Ұлттық банк төрағасы Ерболат ДОСАЕВ.

Ерболат Досаевтың айтуынша, кепілсіз тұтынушылық қарызы бар бұл топтағы азаматтардың банктерге барудың еш қажеті жоқ. Берешекті өтеу бойынша жұмысты несие беруші дербес жүргізеді екен. Кейіннен әр қарыз алушыға тиісті хабарлама жіберіледі. Ал еліміздің Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Роман Скляр баспана құрылысы мен үй тапсыру саласындағы өңірлердің көрсеткіштерін жариялады. Айтуынша, биылғы жеті айда 6,5 миллион шаршы метр тұрғын үй қолданысқа берілген. Баспананы тапсыру бойынша үш облыс көш бастап тұр.  

«Республика бойынша барлығы 55 849 баспана пайдалануға берілді. Оның ішінде 24 013 жеке тұрғын үй бар. Тұрғын үйді тапсыру көлемінің артуы өткен жылмен салыстырғанда республиканың 7 өңірінде жалғасуда. Тұрғын үйді тапсыру бойынша көш бастағандар: Түркістан (130,9%), Қызылорда (128,7%), Қостанай (118,6%) облыстары», – деді ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Роман СКЛЯР.

Ал тұрғын үйді тапсыру қарқыны Маңғыстау облысы мен Нұр-сұлтан қаласында бәсең. Сондықтан дәп осы өңірлерде жұмысты жандандыру қажет, деп атап өтті министр.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир