|
30.05.2022 | 12:56
1583

Тұрмыстық техника 18% қымбаттады

Алматы облысында 21,5% қымбаттау тіркелген

Тұрмыстық техника 18% қымбаттады  Фото: ашық дереккөзден

Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша, қазақстандық отбасылар асүй плитасымен 100 пайыз, ыдыс жуатын машинамен 34, пайыз ғана қамтылған. Energyprom.kz кейінгі бір жылда тұрмыстық техниканың қалай қымбаттағанына талдау жасады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Ұлттық статистика бюросының мәліметіне сүйенсек, 2021 жылы қазақстандық отбасылардың 100%-ы асүй плитасымен, 99,7%-ы тоңазытқышпен, 96,1%-ы кір жуғыш мащиинамен, 94,1%-ы шаңсорғышпен, 79,1%-ы қысқатолқынды пешпен қамтылған. Ал мұздату камерасын қазақстандық отбасылардың 29,6%-ы, электр қазанды 28%-ы, тігін машинасын 27,9%-ы, кондиционерді 24,1%-ы, ток пешті 18,5%-ы, ыдыс жуғыш машинаны 3,4%-ы күнделікті тұрмыста қолданып жүр. Кір жуғыш машинамен, шаңсорғышпен, қысқа толқынды пештермен, жлектр қазанмен, кондиционермен, ток пешпен, ыдыс жуғыш машинамен қамтылу деңгейі қалалықтарда жоғары болса, ауыл тұрғындарды тоңазытқыш, мұздатқыш, тігін машинасы сияқты техниканы қалалықтардан диіп сатып алады. 

«10 отбасы деп алсақ, олар 102 тоңызтқыш, 102 асүй плтиасы, 97 кір жуғыш машина, 95 шаңсорғыш, 79 қысқа толқынды пеш, 30 мұздатқыш, 28 тігін машинасы, 28 жлектр қазан, 26 кондиционер, 20 ток пеш, 4 ыдым жуғыш машина тиесілі. Биылғы 3 айдың қорытындысы бойынша, отандық өндірушілер бар болғаны 322 тұрмыстық тоңазытқыш пен мұздатқыш жасап шығарған. бытовых холодильника и морозильника. Ал осы уақытта 144, 9 мың импорттық техника әкелінген. Бірінші тоқсанда Қазақстан аумағныа 150,8 мың кір жуғыш машина мен кір кептіргіш техника, 89,1 мың шаңсорғыш, 181,9 мың миксер әкелінген. Бұл технианың ешбірі Қазақстан шығарылмайды», - делінген Energyprom.kz ақпараатында. 

Порталдың жазуынша, сәуір айындағы көрсеткіштер бойынша сатып алынған тұрмыстық техниканың бағасы бір жылда 18,1% қымбаттаған. Әсіресе Алматы облысында 21,5% қымбаттау тіркелген. Сондай-ақ, Жамбыл облысы мен (20,7%) және Солтүстік Қазақстан облысы (20%) қымбат өңірлердің үштігіне кіріп отыр. Жеке техникаларға салсақ, тоңазытқыштар мен мұздатқыштар 15,8%, асүй плитасы 17,2%, кір жуғыш және ыдыс жуғыш машина 22% шаңсорғыш 25,1%қымбаттаған.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир