|
13.03.2019 | 18:06
3104

Дизель отынын шетелге шығаруға толықтай тыйым салынуы мүмкін

Қазақстанда жазғы дизель бағасы 25 тен 40 пайызға дейін арзан болғандықтан, өзге елдер оны көптеп тасыған

Дизель отынын шетелге шығаруға толықтай тыйым салынуы мүмкін

Дизель отынының өзге елге экспорттауға тыйым салып, оның бағасын төмендетуді сұраймыз. Мәжіліс депутаты Айбек Қоңыров Премьер-министр Асқар Маминге депутаттық сауалын осылай жолдады.

«Халық коммунистері» фракциясының атынан сөйлеген депутат Еуразиялық экономикалық одақ елдері арасында Қазақстанда жазғы дизель бағасы 25 тен 40 пайызға дейін арзан болғандықтан, өзге елдер оны көптеп тасыған көрінеді. Сондықтан, өткен жылы осынау отынның бағасын Үкімет еркін саудаға жіберген еді. Сол уақыттан бері Қазақстан үш мұнай өңдеу зауытын да жаңғыртқан. Ішкі нарықтағы түрлі маркалы бензин мен дизельге деген сұраныстың тоқсан пайызын өз бетінше қамтыған. Нәтижесінде АИ-96, 95, 92 маркалы бензиннің бағасы 5 пайызға арзандаса, екі түрлі дизель отынының құны керісінше, 20 пайызға артқан.

«Жүк пен жолаушылар тасымалының басым бөлігі дизель отынымен жүргізіледі. Бұл бірден қызмет құнының өсуіне әсер етті. Өткен жылы көліктің барлық түрімен тасымалдау тарифтері бірден 31,8 пайызға өсті. Дизель отыны құнының қазақстандықтар мен экономиканың нақты секторының дамуына кері әсерін тигізгенін көре отыра, фракция оның бағаның төмендетеуін қажет деп есептейді. Үкіметке акциз мөлшерін азайтуды, сондай-ақ дизель отынын шетелге шығаруға толық тыйым салуды ұсынады», - деді ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Айбек ҚОҢЫРОВ.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

MAQALADA

дизель
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир