Алматыда қолдан ішімдік жасаған 14 цех жабылды
Тінту барысында 1800-ден астам алкогольдік өнім және 4000 дана жалған акциздік маркалар тәркіленген
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Алматыда жыл басынан бері алкогольдік өнім жасап келген 14 астыртын цех жұмысы тоқтатылды. Оны экономикалық тергеу Департаменті қызметкерлері 30 қазанда Алатау ауданына жүргізген жедел іздестіру шаралары нәтижесінде анықтаған, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Астыртын цехты тінту барысында 1800-ден астам алкогольдік өнім және 4000 дана жалған акциздік маркалар тәркіленген. Сондай-ақ, 1300 литр спирт, бос бөтелкелер, қақпақтар және алкогольдік өнімді құйып, жабатын құрылғылар анықталды. Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 233 бабының 2 бірдей тармағы бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Жақындарыңызға қамқор болыңыз: 24 қазанға арналған жұлдыз жорамал
24.10.2026 09:46
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
25.10.2026 10:30
Күзде қандай аурулар жиі асқынады
24.10.2026 16:47
25 қазанда Астана мен Алматыда доллар қанша теңгеден сатылып жатыр
25.10.2026 10:05
Баланың сабаққа зейінін арттыратын тағамдар аталды
24.10.2026 15:37