Тоқаев заңға қол қойды: маусымнан бастап 1 млн қазақстандықтың жалақысы өседі

Тоқаев заңға қол қойды: маусымнан бастап 1 млн қазақстандықтың жалақысы өседі
Айлығы төмен бюджеттік сала қызметкерлерінің жалақысы 2019 жылдың 1 маусымынан бастап өседі
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев үшжылдық бюджетке өзгеріс енгізетін заңға қол қойды, деп хабарлайды Twitter парақшасында.

«2019-2021 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» ҚР Заңына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойдым. Құжатты әзірлеген Үкіметке және маңызды өзгертулерді жылдам қарап, қабылдаған Парламент депутаттарына алғыс айтамын», - деп жазды Мемлекет басшысы Твиттердегі парақшасында.

Ақорданың ресми сайтындағы ақпаратқа сәйкес, Заңның мәтіні баспасөзде жарияланатын болады.

Сондай-ақ Қ.Тоқаев: «Енді 1 миллионнан астам айлығы төмен ауылдық, аудандық, облыстық деңгейдегі бюджеттік сала қызметкерлерінің жалақысы 2019 жылдың 1 маусымынан бастап өсетін болады», - деп жазды.





Новости партнеров