Биыл Алматыда кәсіпкерлер «Даму» қорынан 5 миллиард теңгеден астам жеңілдетілген несие алған

Биыл Алматыда кәсіпкерлер «Даму» қорынан 5 миллиард теңгеден астам жеңілдетілген несие алған
Бүгінде кәсіпкерлікті қолдау қоры 30-ға тарта бағдарлама бойынша жұмыс істеп келеді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Жыл басынан бері Алматы қаласының өзінде 200-ден астам кәсіпкер «Даму» кәсіпкерлікті қолдау қорынан 5 миллиард теңгеден астам жеңілдетілген несие алған. Олардың ішінде кіші және орта бизнес пен қатар ірі кәсіпорындар да бар. Бүгін баспасөз өкілдері аталған көмекке қол жеткізген бірнеше кәсіпорынды аралап, жұмыс барысымен танысып қайтты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Бұл отандық кәсіпорын 2010 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Кешен алғашында тек медициналық мекемелерге арналған дезинфекциялық құралдар шығарумен айналысқан. Кейіннен «Өндіріс» мемлекеттік бағдарламасы бойынша жеңілдетілген несие алып, тауар түрлерін көбейткен. Тәулігіне 36 тонна өнім шығара алатын қауқары бар холдинг басшылығы алдағы уақытта да қаржылай көмекке жүгінеміз де  отыр.          

«Біз өндірісті модернизациялағаннан кейін полимерлік ыдысты да шығаруды бастадық. Себебі, оны шеттен алу тиімсіз болды. Бүгінде өндірісте 120-ға  жуық қызметкер жұмыс істейді. Ал, тауарларымыз көршілес Ресей мен Қырғызстанда саудаланып жатыр. Алдағы уақытта кәсіпорынды кеңейтіп Мысыр еліне де экспорттауды жоспарлап отырмыз», - деді кәсіпорын директоры Данияр АЛШАНБАЕВ.

Баспасөз өкілдерінің екінші аялдамасы нарықта 20 жылдан астам уақыт жиһаз шығарумен айналысып келе жатқан цех. «Даму» қоры кәсібін жаңа бастағандардың жеңілдетілген несие көлемінің 80 пайызына кепіл болса, 3 жылдан астам жұмыс істегендерге 50 пайыз кепіл бола алады.      

Кез-келген шағын бизнес болсын және осы сынды орта бизнес болсын мемлекеттік қолдау аса маңызды. Әр затқа сапалы материал керек. Бұл жиһаз цехы 2001 жылы ашылып, 2014 жылы мемлекеттің қолдауын алып, бүгінде сапалы жиһаз шығарып қана қоймай, жақын көршілес елдерге тауарларын экспорттап жатыр.    

Бүгінде кәсіпкерлікті қолдау қоры 30-ға тарта бағдарлама бойынша жұмыс істеп келеді. Соның ішінде көптің көңілінен шыққан "Еңбек" бағдарламасы. Себебі, қаражат алу ешқандай критериге қарамайды. Кез-келген бинес өкілі кәсіптің барлық түрі бойынша 20 миллионға дейін 6 пайыздық жеңілдетілген несие ала алады. Сондай шапағатты көріп отырғандардың бірі Асима Сұлтанова. Ол биыл көктемде 11 миллионнан астам қаражат алып, көптен ойлап жүрген балалар дамыту орталығын ашыпты.    

«Біздің орталықта 4 мұғалім жұмыс істейді. Үш мұғалімге мен өзім жалақысын төлеп отырмын. Бір мұғалімді біз жұмыспен қамту орталығынан жастар саясаты арқылы алдық. Бізде ағылшын тілі, қазақ тілі, орыс тілі және тағы басқалар және кішкентай балалармен жұмыс істейтін логопед жұмыс істейді», - деді балаларды дамыту орталығының директоры Әсима СҰЛТАНОВА.

«Даму» қоры биылдың өзінде 5 миллирдтан астам қаражатты құрайтын 200 астам кәсіпкерге көмек көрсеткен. Барлық жеңілдетілген борыш екінші деңгейлі банктер арқылы беріледі.

Арнат Дүйсен, Ғани Қалуов, «Алматы» телеарнасы

Новости партнеров