Алматыдағы Индустриалды аймақ қалай жұмыс істейді

@almaty_akimat
@almaty_akimat
Индустриялды аймақ 2012 жылы құрылған
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Индустриялды аймақ 2012 жылы құрылған. 2015 жылы "Алматы – Индустриалдық аймағы "ЖШС Басқарушы компаниясы құрылды. Аумақтың жалпы ауданы 490 га құрайды, оның 326 га (инфрақұрылым үшін 164 га) жобаға бөлінген. Бүгінгі күні инвестициялық жобаларды іске асыру үшін 273 га (52,9 га бос) бөлінді, деп хабарлайды Amaty.tv.

«Индустриялды аймақ жеке кәсіпкерлікке мемлекеттік қолдау көрсету мақсатында құрылған және бірінші кезекте Алматыда өнеркәсіптің басым салаларын, атап айтқанда машина жасау, тамақ өнеркәсібі, жеңіл өнеркәсіп, фармацевтика, химия өнеркәсібі мен құрылыс материалдары өндірісін дамытуға арналған. Бұл ретте өнеркәсіптік кәсіпорындарды қаланың тұрғын аудандарынан көшіруге, технологиялық, инновациялық өнімдер шығаруға, импортты алмастыруға бағытталған инвестициялық жобаларға басымдық беріледі», – деп хабарлады «Алматы ӘКК» АҚ Басқарма Төрағасы Асқар Білісбеков.

2016-2020 жылдар аралығында Алматы Индустриалды аймағының аумағында жалпы инвестиция сомасы 69,6 млрд тг болатын 13 кәсіпорын пайдалануға берілді. 2000-ға жуық жұмыс орны ашылып, 2 млрд тг астам сомаға салық төленді. 63,3 га жер игерілді.

«Алматының индустриялық аймағында жұмыс істеп тұрған барлық кезеңде 1 952 жұмыс орны құрылды. Ағымдағы жылы 42 жұмыс орнын ашатын бір жоба іске қосылды. Бұл —"Дорхан"ЖШС металл өңдеу және жылжымалы қоршау конструкцияларын өндіру кешені. Жыл соңына дейін 1130 жұмыс орыны ашылатын тағы 9 жобаны іске қосу жоспарлануда. Барлық іске қосылатын өндірістер импортты алмастыруға бағытталған және ішкі нарықта үлкен сұранысқа ие. Көптеген компаниялар, мысалы, "Hyundai Trans Kazakhstan", "ТЕХНОКОНТ", "Техновид", "BRB APK" жылыжайы өнімдерін таяу шет елдерге экспортқа шығарады», –  деді журналистерге арналған брифингте Алматы Индустриалды аймағының директоры Берікбол Мәндібаев.

Іске асырылған жобалардың ішінде жылына 7 мың тоннадан астам көкөніс өндіретін жылыжай кешенін, қағаз қаптарды, картридждерді, кабель өнімдерін, скотч пен стрейч-пленкаларды, инженерлік қауіпсіздік жүйелерін, полимерлік бұйымдарды, полимерлік құбырларды, жылу-сумен жабдықтау жабдықтарын, үлкен диаметрлі болат дәнекерлеу құбырларын, энергия тиімді архитектуралық қасбеттерді, ет өнімдері мен жартылай фабрикаттарды, бір рет қолданылатын медициналық мақсаттағы бұйымдарды өндіретін зауыттарды атауға болады.

Новости партнеров