2026 жылдың соңына дейін Қазақстанның барлық өңірлерінде цифрлық жұмыспен қамту қызметі іске қосылады

UKIMET
UKIMET

Жоба азаматтарға жұмысқа тезірек орналасуға, оқу курстарын таңдауға және онлайн режимде қолдау алуға мүмкіндік береді

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Премьер-министр Олжас Бектенов пилоттық режимде өзінің тиімділігін дәлелдеген цифрлық шешімдерді кеңейтуді тапсырды.  Осындай оңтайлы мысалдардың бірі –  азаматтарға жұмысқа тезірек орналасуға, оқу курстарын таңдауға және онлайн режимде қолдау алуға мүмкіндік беретін «Цифрлық жұмыспен қамту қызметі» жобасы болмақ, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

«Сондай-ақ өз тиімділігін көрсеткен шешімдердің қолданылу аясын кеңейтіп, оларды тұрақты өнеркәсіптік пайдалану режиміне көшіру қажет. Осындай оңтайлы мысалдардың бірі – “Цифрлық жұмыспен қамту қызметі” жобасы. Ол азаматтарға жұмысқа тезірек орналасуға, оқу курстарын таңдауға және онлайн режимде қолдау алуға мүмкіндік береді»,— деп атап өтті Премьер-министр Олжас Бектенов.

Еңбек министрлігіне әкімдіктермен бірлесіп, аталған сервисті осы жылдың соңына дейін еліміздің барлық өңірінде іске қосу тапсырылды.