|
17.08.2018 | 11:26
2469

Доллар бағамы үшінші күн қатарынан төмендеді – KASE

Доллар бағамы үшінші күн қатарынан төмендеді – KASE

Қазақстан қор биржасында (KASE) жұма күнгі сауда-саттықтың таңертеңгілік сессиясында теңгенің АҚШ долларына шаққандағы орташа бағамы 359,46 теңгені құрады, деп хабарлайды ҚазАқпарат KASE-ге сілтеме жасап.

Бейсенбі күнгі сауда-саттықпен салыстырғанда, шетелдік валюта бағамы 1,61 теңгеге төмендеген. Сессия барысында ең төменгі курс 1 долларға – 358,99 теңге, ал ең жоғарғысы – 360 теңге деңгейінде болған. Сауда көлемі 53,3 млн долларға жетті.

Бейсенбі күні доллардың орташа бағамы таңғы сессия қорытындысы бойынша 1 долларға 361,07 теңге, күндізгі сессияда 360,59 теңге, екі сессияның қорытындылары бойынша 360,87 теңге болып, сауданың жалпы көлемі 136,55 млн долларды құраған.

Еске сала кетейік, сәрсенбі күні Қазақстан қор биржасында (KASE) АҚШ долларының орташа бағамы 363,48 теңгеден 362,18 теңгеге дейін – 1,3 теңгеге төмендеген болатын. Ал бейсенбі күні тағы да 1,11 теңгеге түсіп, 361,07 теңгені құрады.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир