Үкіметтің 2025 жылға арналған барлық әлеуметтік міндеттемесі орындалды — Мәди Такиев

primeminister.kz
primeminister.kz

Ұлттық жобалар аясында 198 мектеп пен 655 денсаулық сақтау нысанының құрылысы аяқталды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

 

Үкімет 2025 жылдың қорытындысы бойынша әлеуметтік міндеттемелердің орындалуын толық көлемде қамтамасыз етті. ҚР қаржы министрі Мәди Такиев Мәжілістің жалпы отырысында республикалық бюджеттің шығыстары 25,5 трлн теңгені құрағанын, оның 9,3 трлн теңгесі әлеуметтік салаға және 7,7 трлн теңгесі өңірлерді қолдауға бағытталғанын баяндады, деп хабарлайды Аlmaty.tv

«Республикалық бюджет шығыстары 99%-ға орындалып, 25,5 трлн теңгені құрады. Үкімет тарапынан барлық әлеуметтік міндеттемелер орындалды. Өңірлерді қолдауға 7,7 трлн теңге бағытталған болса, әлеуметтік салаға 9,3 трлн теңге жіберілді», — деді Мәди Такиев.

Қаржы министрі Ұлттық жобалар аясында 198 мектеп пен 655 денсаулық сақтау нысанының құрылысы аяқталғанын атап өтті. Сондай-ақ студенттерге арналған 10 мыңнан астам орынға 30 жатақхана пайдалануға берілді.

«Барлық қаржыландыру көздері есебінен, 20,1 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Халықтың әлеуметтік осал топтары үшін, 5 141 тұрғын үй сатып алынды. Инженерлік инфрақұрылымды дамыту жөніндегі жұмыстар жалғасуда. 980,5 шақырым инженерлік – коммуникациялық инфрақұрылым желісі салынды. Сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінің 6,3 мың шақырым желісі салынды және жөнделді», — деп атап өтті қаржы министрі.

Көлік инфрақұрылымына да қомақты қаражат жұмсалды. 13 мың шақырымға жуық автожол, оның ішінде 9 мың шақырым республикалық маңызы бар жол және 4 мың шақырым жергілікті маңызы бар автожол жұмыстың барлық түрімен қамтылды. Сонымен қатар әлеуметтік маңызы бар теміржол және әуе бағыттарын қолдау жұмыстары жалғастырылды.

Оқи отырыңыз: 2025 жылы республикалық бюджеттің кірістері 21,4 трлн теңгені құрады

Новости партнеров