|
06.09.2020 | 00:40
7981

Қыркүйектің 7-нен 13-не дейінгі денсаулық жұлдыз жорамалы

Денсаулығына алаңдап, оны жұлдыздармен бағамдап үйренгендер үшін біз келесі аптадағы барлық Үркер белгілеріне арналған жұлдыз жорамалды ұсынамыз

Қыркүйектің 7-нен 13-не дейінгі денсаулық жұлдыз жорамалы иллюстративное фото

Тоқты

Дұрыс және толыққанды тамақтану қазір сіз үшін өте маңызды.

Сондай-ақ, денсаулығызды және сергек көңіл-күйіңізді сақтағыңыз келсе, ертеңгіліктен де, түстіктен де, кешкі тамақтан да бас тартпауыңыз керек. Майсыз ет, көкөністер мен ботқаны таңдағаныңыз дұрыс.

Торпақ

Осы аптада желдің өтінен сақ болып жүруіңіз керек - жұлдыздардың айтуынша, сіз тез суықтап қала аласыз. Сондай-ақ қауіпсіздігіңізді сақтағыңыз келсе, өзіңізді адамдар көп жиналған орындардан - жалпы ауруға шалдыққан адамдармен кездесіп қалу мүмкіндігі басым кез-келген жерден аулақ жүріңіз. Дәрумендер ішкеніңіз абзал болмақ.

Егіздер

Бұл аптада сіз сергек жүресіз, егіздердің көпшілігі қолайсыз көңіл-күйде бола қоймайды. Жұлдыздардың айтуынша,

денсаулығыңызды нығайту үшін қандайда бір белсенді іс-қимылға көшуге бұл күндер таптырмайды. Спортта да ерекше жетістіктерге жете аласыз - осы сәтті қапысыз пайдаланып қалыңыз.

Шаян

Бұл аптада жұлдыздар сіздің денсаулығыңызға байланысты елеулі мәселе туындайтындығын меңземейді. Дәмді тағамдармен әуестенуіңізге болады - ас қорыту жүйеңізге бұл күш түсірмейді, егер шектен шықпай спортпен, соның ішінде оның экстремальды түрлерімен айналыссаңыз, денеңізбен өзіңіз дұрыс деп тапқан қалыпта жұмыс істесеңіз.

Арыстан

Осы аптадағы денсаулығыңыз ешкімді алаңдата қоймас. Жұлдыздардың айтуынша, салауатты өмір салтын бастасаңыз, онда кейбір ауру-сырқауыңызды мүлдем ұмытуға болады. Тек денсаулықты сақтаудың қарапайым ережелерін есте сақтасаңыз болғаны

Бикеш

Қазір сіз үшін бастысы - қиындықтарға мойымау.

Барлығы өздігінен болады деп күтпеңіз.

Дәл осы аптада сіз кейінге қалдырған кардиолог, хирург және тіс дәрігері мамандарына барғаныңыз жөн.

Таразы

Сіздің өзіңізді қалай сезінетініңіз көбінесе көңіл-күйіңізге тікелей байланысты болмақ, ал көңіл-күйіңіз соның ішінде өзіңіз тыңдайтын музыкаға байлнысты. Жұлдыздар жеңіл де жарқын әуен таңдауға кеңес береді;

Кешке табиғаттың дыбыстарын қосыңыз - олар сізге босаңсуға, демалысқа бейімделуге көмектеседі.

Сарышаян

Осы аптада жұлдыздар тыныс алу жүйеңізге мұқият болуға кеңес береді. Егер сіз қарапайым ережелерді сақтауды үйренсеңіз, сіз елеулі қиындықтардан аулақ бола аласыз. Темекі тартуды мүлдем доғарыңыз - бұл қатерлі әдеттен мүмкіндігінше тез арылып, шылымқорлардан аулақ жүріңіз, өзгенің будақтатқан түтінін жұту денсаулығыңызға жақсы емес.

Мерген

Хал-жағдайыңызға мұқият болыңыз. Егер сіз алғашқы жағымсыз белгілерді жіберіп алсаңыз және дәрі-дәрмектерді уақытында ішуді бастамасаңыз, қатты ауырып қалуыңыз мүмкін. Қазір ең осал жерлеріңіз мұрын мен тамақ.

Тауешкі

Осы аптада сіз теріңізге ерекше назар аударғаныңыз жөн. Беттің, бастың, дененің, қолдың, табан терісі әр түрлі болатынын ұмытпаңыз - демек, егер сіз керемет көрініп, өзіңізді жақсы сезінгіңіз келсе, оны күту үшін тері күтіміне арналған әртүрлі құралдарды қолдануыңыз керек. Мүмкін болса косметологқа барыңыз.

Суқұйғыш

Ағзаңыз сізге өзінің темірден жаралмағанын дәлелдеуге ниетті. Оған түсіністікпен қараңыз, басқаша дәлелдеуге тырыспаңыз. Сізге алдағы бірнеше күнде жүктемені аздап азайту керек, сонда апта айрықша асқынуларсыз өтеді.

Балықтар

Бәлкім сізге ісіңіздің барысы онша ұнамауы мүмкін - бірақ жұлдыздар сізді осы аптада шұғыл өзгерістер жасамауға шақырады. Сабырлық сақтаңыз. Денсаулығыңызға қатысы бар шешім қабылдаған кезіңізге асығыстыққа бой алдырмаңыз

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир