Елімізде мемлекеттік құрылымды жетілдіру ісі қалай жүзеге асып отыр

Елімізде мемлекеттік құрылымды жетілдіру ісі қалай жүзеге асып отыр
Қазыбек Дәуталиевтің айтуынша, халық сайлаған әкімге жасалатын қысым көп
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Елімізде мемлекеттік құрылымды жетілдіру, оның ішінде жергілікті өзін-өзі басқаруды орталықсыздандыруға басылымдылық беріліп отыр, деп хабарлайды Almaty.tv.

Себебі, бұл басқару механизмі экономикалық-әлеуметтік дамуға және демократиялануға оң серпін береді. Президент биылғы жолдауында осы жобаға кеңінен тоқталып, арнайы тапсырма жүктеген еді.

«Әділетті Қазақстан дейміз. Оны қоғамдық өмірге еңгізу үшін бірқатар өзекті мәселелер бар. Жоғарғы және жергілікті билік бар. Демократиялық модель бойынша осының арасындағы вертикалды байланыс әлсіреп, жергілікті билік неғұрлым халыққа жақын болуы керек. Енді бұл қалай іске асып жатыр? Бүгінгі референдумның өзегіне салынған конституциялық өзгерістер мен толықтырулардың басты жаңалығының бірі – бұдан былай Президент облыс әкімі ретінде өзінің адамын сайлай алмайды. Ол тек 2 кандидатын ұсынады. Осы екеуінің қайсысы өңірдің дамуынажағдай жасайды, деген үміткерді облыстық маслихат таңдап алады. Яғни, облыс әкімі тек Президентінің алдында емес, сонымен қатар маслихаттың алдында да жауапты деген сөз» –деді заңгер Қазыбек Дәуталиев.

Қазыбек Дәуталиевтің айтуынша, халық сайлаған әкімге жасалатын қысым көп.

«Мәселелер өте көп. Әсіресе, мынау ауылдық округтерде әкімді сайлаумен байланысты мәселе аталып өтті. Осы жақында ғана 2 ай бұрын орталық сайлау комиссиясының төрағасы Әбдіров мырзаның қателеспесем бір мақаласында «сайланған әкім жұмыс істей алмағандықтан бас тартты» деген пікір айтылды. Бірақ менің ойымша, мәселе жүйелік және институцияналдық сипаттарға ие. Жергілікті халықпен шынайы сайланған әкім қолында бюджет жоқ. Сәйкесінше, ол халықтың қалауын алып, сайланған күннің өзінде де ертеңгі күні жол салу үшін, су құбырларын тартқызу үшін тағы да басқа күнделікті өртеніп тұрған мәселелерін шешуіне қажетті қаржылық, экономикалық жағдайы жоқ. Мәселені аудандық қаржы экономиканы жоспарлау және бюджет бөлімінің бастығының келісімімен  шешу керек. Ауданның әкіміне тәуелді. Бұл тәуелділік оның қолын байлап отыр. Сәйкесінше, өз бетінше «тәуелсіз» сайланған әкім шынымен тәуелсіздігін ала алмай отыр. Жергілікті халықтың алдына салынбаған жол,  жыртылмаған егістік деген сияқты мәселелерді шеше алмай, масқара болады. Ал аудандық әкімнің қалауымен сайланбағандықтан жоғары жақтан қыспаққа ұрынады. Екі жақтан алынған қыспақ халық сайлаған әкімдердің қызметті кері тапсырып беруіне итермелейді», – деді заңгер.


Новости партнеров