СҰХБАТ: Атаулы әлеуметтік көмекті алу расымен де қиын ба?

СҰХБАТ: Атаулы әлеуметтік көмекті алу расымен де қиын ба?
Жаңалықтармен бөлісіңіз

«Жәрдемақы алу қиындап кетті», «Құжат тапсыру кезінде ұзын-сонар кезек», «Отбасым туралы ақпарат дұрыс болмаған соң, қайтарып жіберді». Осындай сөздерді Атаулы әлеуметтік көмекке үмітті жандардан жиі естисіз. Бірақ аталмыш қаржылай демеуге 1 сәуірден бастап азаматтардан құжат қабылдаған мамандар бұл оймен мүлдем келіспейді. Керісінше, азаматтар көп жағдайда қателіктер жіберіп, өздері уақыт жоғалтуға себепші дейді.

Ол қандай қателіктер? Жұмысың тез бітуі үшін көмектен үміттілер не істеуі керек? Бұл сұрақтарға Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің басқарма басшысы Асқар Ниязов Almaty.tv тілшісі берген сұхбатында айтып берді.

- Асқар Нұрланұлы, Қазіргі кезде ел азматтары қаржылай көмекке қолжеткізу қиындағанын айтады. Әсіресе, «Е-Халық» ақпараттық жүйесінің көп істен шығатыны айтылып жатыр. Осыны реттеу үшін министрлік шаралар қолдануда?

- Сұрағыңыз өте орынды. Қол жеткізу қиын дейді. Бұлл шындыққа жанаспайды. Біз Атаулы әлеуметтік көмек туралы құжаттар тізімін оңтайландырдық. Атаулы әлеуметтік көмекке қол жеткізудің қиындауы шындыққа жанаспайды деуіміздің себебі сонда. Бір айдың ішінде Атаулы әлеуметтік көмекке республика бойынша 185 мың отбасы өтініш білдірді және осы отбасыларға тағайындалып отыр. Салысытырмалы түрде айта кетейік, 2018 жылы 111 мың отбасы Атаулы әлеуметтік көмектің қатысушысы болған. «Е-Халық» жүйесі барлық мемлекеттік органдардың құзіретінде қалыптасқан ақпараттық жүйе. Барлығымен біріктірілген және олармен интеграция жасай отырып, ақпараттарды алады. Мысалы, әрбір отбасы жайында, оның толық аты-жөнін, тіркелген жері, сол азаматтардың жұмыс істейтіндігі, олардың әлеуметтік жәрдемақы алатын болса, немесе жалақы көлемі, қосымша табыс көзі болса, оның барлығы ақпараттық жүйеден көрінеді.

- «Е-Хлық» түрлі органдардың жинақтаған құжаттарын бір жерге топтастырған дейсіз. Бірақ, азаматтардың шағымын тыңдасақ, сол жүйеден кейде қажетті құжаттарын таба алмайды немесе аты-жөндерінің қате жазылғандарын айтады. Бұл кемшіліктермен қалай күресіп жатсыздар?

- Көш жүре түзеледі деген бар. Иә, осындай кемшіліктер бар. Бір отбасының мүшелері бірнеше мекен-жайға тіркеледі немесе бір мекен-жайда бірнеше отбасы тіркелген. Орыс тілінде мұны «резиновая квартира» деп жатады. Мұндай пәтерлер көп. Сұрастырған кезде тіркелген артық адамдарды көрсетпей, айтпай қалады. Содан қателесу басталады. Кемшіліктердің негізгісі осы. Көш жүре түзеледі деп айттым ғой, бұл олқылықтардың бәрін жойып, жүйені біріздендіреміз.

- Атаулы әлеуметтік көмек алғысы келген азаматтардың таңнан кешке дейін кезекте тұрған деерктерді естіп те, көріп рте жатырмыз. Мұны болдырмау үшін не істеу керек?

- Бұл да қате ақпараттың салдарынан боп жатқан кезектер. Әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы «өтінімді тек осы айдың 20-на дейін қабылдайды» деген жалған ақпарат тарап кетті. Салдарынан, тұрғындар жаппай орталыққа ағылып келіп жатады. Тиісінше, ұзын-сонар кезек пайда болады. Бұл оқиғалардың негізінен қай өңірлерде боп жатқанын білесіздер. Тұрғындарға айтарым, ондай жалған ақпаратқа сенбеңіздер. Тек ресми ақпаратқа ғана сену керек. Ал, ресми ақпаратты біз мессенджерлер арқылы таратпаймыз.

- Уақыт тауып сұхбаттасқаныңызға рахмет!

Новости партнеров