Әлем бойынша коронавирус жұқтырғандар үш миллионға жуықтады

izvestia.kiev.ua
izvestia.kiev.ua
Өткен тәулікте әлем бойынша 6 мыңнан аса адам COVID-19 инфекциясынан көз жұмған
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Дүние жүзінде коронавирус жұқтырғандардың саны күн санап артып келеді. Бүгінгі күні, пандемия уақытында вирус жұқтырғандардың саны үш миллионға жуықтаған, ал індеттен көз жұмғандар саны 206 мыңнан асып жығылды деп хабарлайды Kaz.nur.kz Worldometers сайтына сілтеме жасап.

Әлемдегі COVID-19 инфекциясының таралу жағдайын ресми деректерге сүйене отырып, бақылап отырған онлайн ресурстың деректеріне сенсек, 27 сәуір күнгі ақпарат бойынша коронавирус инфекциясы анықталған адамдар саны 2 992 501-ге дейін өскен, ал вирустан қайтыс болғандар саны 206 мыңнан асқан. Өткен тәулікте әлем бойынша 6 мыңнан аса адам COVID-19 инфекциясынан көз жұмған.

Ауру жұқтыру мен өлім-жітімнің ең көбі әдеттегідей АҚШ-та тіркеліп отыр. Онда 26-сынан 27 сәуірге дейін вирустан 2 мыңнан аса адам ажал құшқан. Көршілес Ресей елінде де жағдай күрделене түсуде: Өткен тәулікте инфекция жұқтырудың 6,3 мыңнан аса жаңа деректері тіркелген, 66 адам қайтыс болған – бұл пандемия басталғалы бері алғанда, рекордтық көрсеткіш. Айта кету керек, Ресейде вирусты жеңе алған адамдар саны да артып келеді, барлығы 877,2 мың адам COVID-19 айығып, ауруханалардан шығарылған.

Ал еліміздегі жағдайға келер болсақ, соңғы мәліметтер бойынша, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 2717-ге жеткен. Олардың 682-і ауруынан айықса, 25 қазақстандық вирустан көз жұмды.

Новости партнеров