Оңтүстік Кореяда коронавирустан жазылып шыққандардан COVID-19 қайта анықталып жатыр

infodays.ru
infodays.ru
Бұл тенденцияның нақты себебі әлі нақтыланбаған
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Оңтүстік Корея билігі коронавирустан емделген науқастардан ауру қайта анықталғандығын мәлімдеді. Бұл туралы Reuters-ке сілтеме беріп Stan.kz хабарлайды.

Вирус COVID-19-бен ауырған 91 науқаста анықталған. Бұл тенденцияның нақты себебі әлі нақтыланбаған екендігі атап өтілді. Бұл науқастардың вирусты қайта жұқтыруы емес, вирустың қайта жандануымен байланысты болуы мүмкін деген пікірді Ауруларды бақылау және алдын алу орталықтарының жетекшісі Чон Ен Кён ұсынды.

"Науқастарда коронавирустың қайта пайда болуы жағдайы арта түседі", - дейді Корея университеті жанындағы Гуро ауруханасының жұқпалы аурулар кафедрасының профессоры Ким Ву Джу. Ол сондай-ақ мұндай жағдай аурудың жандануы болуы мүмкін екенін болжады.

Басқа сарапшылар тесттің оң нәтиже көрсетуі сынақтардың қате екенін немесе вирустың науқас денесінде қалып қалуынан болуы мүмкін екендігін көрсететінін айтады, бірақ адамға және басқаларға қауіп төндірмеуі керек деп санайды.

Соңғы мәліметтер бойынша, Оңтүстік Кореяда коронавирустың шамамен 10,4 мың жағдайы тіркелген. Оның ішінде 208 адам көз жұмса, тағы 7,1 мыңы емделіп шыққан. Ал әлем бойынша 1,6 миллионнан астам адам инфекция жұқтырған.

Новости партнеров