Әйгілі испаниялық актер Антонио Бандерастан коронавирус инфекциясы анықталды. Қауіпті вирусты жұқтырып алғанын әлемдіктің жұлдыздың өзі хабарлады KAZ.NUR.KZ РИА Нововстиге сілтеме жасап.
Антонио Бандерас коронавирус жұқтырып алғанын жанкүйерлерінен жасырмай, дүйім жұртқа жария етуді жөн көрген. Ол қауіпті індетке шалдыққанын Facebook желісіндегі ресми парақшасы арқылы хабарлады. Белгілі актер COVID-19 жұқтырып алғанын білгеннен бастап, үй карантинінде жатыр.
«Бүгін оныншы тамыз күні барлықтарыңызға маңызды хабарландыруды жеткізгім келіп отыр. 60 жас мерейтойымыды карантинде жатып аиап өтуге мәжбүр болып қалдым. Себебі, менің COVID-19 вирусының бар-жоғын анықтайтын тест сынамам көрсетті», – деп жазды ол өз парақшасында. Антонио Бандерас коронавирус инфекциясын жұқтырып алса да, өзін айтарлықтай жақсы сезініп жатқанын алға тартты. Алайда, актер әдеттегіден қарағанда тез шаршап қалатын болғанын жеткізді. Өнер иесі барлық медициналық кеңестерді бұлжытпай орындап жатыр. Ол соның арқасында қауіпті вирустан тез арада құтылуға ниетті.