Президент Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметке тұрғындардың денсаулығын сақтауға қатысты шаралар қолдануды тапсырды
Акорда
Бұл туралы Мемлекет басшысы өзінің Twitter-дегі парақшасында жазған
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Мемлекет басшысы елде коронавирустың таралуына жол бермеу үшін тиісті шараларды жүзеге асыруды тапсырды, деп хабарлайды Almaty.tv.
"Коронавирустың бүкіл әлемге таралуы аса қауіпті. Үкіметке азаматтардың денсаулығын қорғау мақсатында мемлекеттік мекемелер мен шаруашылық нысандардың қызметіне нұқсан келмейтіндей жан-жақты шаралар қабылдау тапсырылды", – деп жазды Президент.
Жуырда денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов елде коронавирустың алдын алу шараларының қалай жүзеге асырылып жатқаны туралы мемлекет басшысына есеп берген болатын.
Министр елге коронавирустың келуі мүмкін екенін жасырмады. Ол тұрғындарды дүрбелеңге жол бермеуге шақырып отыр.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
04.11.2026 08:20
Алматыда 2-8 қараша аралығында ауа райы қандай болады
04.11.2026 08:11
Фатима Сұпығалиева дзюдодан жасөспірімдер Олимпиадасында топ жарды
03.11.2026 08:30
Әсел Жанасова Көлік министрі болып тағайындалды
03.11.2026 18:25