Швейцариялықтар арасында дәріханалардан тегін алуға болатын Covid-19 экспресс-тест көп қолданылуда, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Ай сайын оларға өзін-өзі тестілеудің бес жинағы ұсынылады. Бағдарлама наурыздың ортасында бастау алды. Цюрих қаласында алғашқы күндердің өзінде өзінде 100 000-нан астам тест жасаған.
«Үйіңде өз бетіңше жасай алатының жақсы. Жеке тестінің аса мағынасы жоқ екенін білемін, дегенмен барлығы жасап жатса, пайдасы болар»,– дейді Цюрих қаласының тұрғыны.
Осылайша Швейцария билігі жағдайды өзгертіп, шектеулерді шешу процесін тездетуге тырысты. Халықты осылай тестілеу кампаниясы 1 млрд швейцария франкіне бағаланды. Нәтиже оң болған жағдайда, ПТР тапсыру керек.
Сонымен қатар Швейцарияның денсаулық сақтау министрлігі 65 жастан асқан адамдарға вакцина салынып жатқанын хабарлады.