|
26.10.2021 | 10:17
2018

Вакцина егу қарқыны төмен 5 өңір аталды

Асқар Мамин денсаулық сақтау министрі Алексей Цойға мемлекеттік шекарада эпидемиологиялық бақылауды күшейтуді жүктеді

Вакцина егу қарқыны төмен 5 өңір аталды Фото: primeminister.kz

Үкіметтің бүгінгі отырысында премьер-министр Асқар Мамин денсаулық сақтау министрі Алексей Цойға мемлекеттік шекарада эпидемиологиялық бақылауды күшейтуді жүктеді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап.

«Жалпы эпидемиологиялық ахуал бақылауда. Дегенмен көрші елдерде жағдайдың қиындағанын көріп отырмыз. Сондықтан өңірлердің, әсіресе шекаралас өңірлердің әкімдері санитарлық-эпидемиологиялық нормалардың қатаң сақталуын қамтамасыз етсін. Науқастану деңгейіне нақты мониторинг жүргізу және жедел шаралар қабылдап отыру қажет», деді Асқар Мамин үкіметтің бүгінгі отырысында.

Премьер-министр мониторинг топтарының жұмысын жандандыру қажеттігін мәлім етті. Сондай-ақ ол денсаулық сақтау министрлігіне мемлекеттік шекарада эпидемиологиялық бақылауды күшейтуді тапсырды.

«Қазір барлығы 8,2 миллионнан аса адам бірінші компонентті, 7,4 миллионға жуық адам екінші компонентті алды. Вакцина егу қарқыны төмендеп отыр, оны ұлғайту қажет, әсіресе, қалып келе жатқан өңірлерге қатысты. Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Ақмола облыстары мен Нұр-Сұлтан қаласының әкімдері вакциналау мәселесін жеке бақылауға алсын және оның қажетті деңгейін қамтамасыз етсін. Денсаулық сақтау, ақпарат министрліктері халық арасында вакциналау мен ревакцинациялаудың маңыздылығы туралы, сонымен бірге денсаулықты сақтаудың жалғыз жолы коронавирусқа қарсы екпені алу екенің түсіндіру бойынша жұмысты жалғастырсын», деді Асқар Мамин.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир