Air Astana әуекомпаниясы Қазақстан мен Оңтүстік Корея арасындағы рейстердің шектеу туралы шешімге байланысты алаңдаушылық білдірді, деп хабарлайды zakon.kz.
Екі ел арасындағы әуе қатынасын шектеу туралы шешімді 26 ақпанда ҚР территориясында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуын болдырмау жөніндегі ведомствоаралық комиссия қабылдады. Жарлыққа сәйкес, 1 наурыздан бастап Алматы мен Сеул арасындағы рейстер саны аптасына 5-тен 1-ге, ал Нұр-Сұлтан мен Сеул арасында рейстер аптасына 2-ден 1 рейске дейін азайтылуы керек.
«Алайда қазіргі уақытта 17 мыңға жуық жолаушының әуе билеттерін брондап қою фактісі ескерілмеген. Наурыздың өзінде 2182 адам Сеулге ұшуды, ал 2254 адам Қазақстанға оралуды жоспарлап отыр. Әуекомпания келесі аптада 7 рейс адамды екі рейспен қалай алып шығатынын ұқпай отыр. Жолаушылардың көпшілігі Кореяға медициналық мақсатта, оның ішінде қатерлі ісік ауруын емдеуге баратын азаматтар болғандықтан, біз әуе қатынасын осындай қысқа мерзімде айтарлықтай төмендету орынсыз деп санаймыз. Басқа елдер Оңтүстік Кореямен әуе қатынасын шектемегенін немесе рейстер санын 20% -дан ары қысқартпағанын атап өткіміз келеді», – деп хабарлайды әуе компаниясы.
Air Astana комиссиядан жолаушылар арасындағы дүрбелең мен белгісіздікке жол бермеу үшін бұл шешімді қайта қарап, әуекомпанияларға кестені өз бетімен түзеуге рұқсат беруді сұрайды.