Дәрігер коронавирустан адам керең болып қалуы мүмкін екенін айтты

bettertone.com.ua
bettertone.com.ua
Егер естуіңіз нашарлағанын байқасаңыз, шұғыл дәрігерге қаралу қажет
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Коронавируспен ауырған кезде иіс пен дәм сезу ғана жоғалмайды, есту қабілеті де нашарлауы мүмкін. Жоғары санаттағы ЛОР-дәрігер, медицина ғылымдарының кандидаты Владимир Зайцев бұған вирустың жүйке жүйесін зақымдауы себеп екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.

«Коронавирус инфекциясы – нейротропты вирус, ол жүйке жүйесін зақымдайды, сенсоневральды кереңдікке әкеп соғуы мүмкін. Мұндай жағдайда есту жүйкесінің түкшелі жасушалары зақымдалады, сөйтіп адамның құлағы естімей қалады», – деді дәрігер.

Оның айтуынша, адам керең болып қалуы да ғажап емес.

Тағы бір себеп — бұл вирустың есту түтігін зақымдауы.

«Вирус бізге ауа-тамшы жолымен түсетіндіктен, инфекция жұтқыншақ арқылы да өтеді. Сол кезде есту түтігінде проблема пайда болып, евстахиитке әкеп соғады», – деп түсіндірді Зайцев.

Егер естуіңіз нашарлағанын байқасаңыз, шұғыл дәрігерге қаралу қажет. Өйткені маман ғана оның себебін анықтап, емдеу жолын көрсетеді. Үйде өздігінен емделу жағдайды нашарлатып жіберуі мүмкін, деп ескертті дәрігер.

Новости партнеров