Қазақстанның үш өңірі коронавирустың таралу қаупі бойынша «қызыл» аймаққа енді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Ел өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес, 16 қаңтар күні «қызыл» аймаққа Нұр-Сұлтан қаласы, Ақмола және Қостанай облыстары енгізілді. «Сары» аймақта Алматы қаласы, Атырау, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстары тұр. Қалған өңірлер – «жасыл» аймақта.
Еске салайық, кеше елорданың Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің жаңа қаулысы шықты. Оған сәйкес, қалада карантин талаптары қайта күшейтілді. Демалыс күндері ойын-сауық мекемелері жұмысын тоқтатады. Сондай-ақ сенбі-жексенбі күндері қоғамдық көлік қатынамайды. Бұдан бөлек, православ христиандарының Шоқыну мерекесіне орай жаппай суға шомылуға тыйым салынды.