Әсел Сәдуақасова коронавирус жұқтырды
Фото: ашық дереккөзден
Бұл туралы ол өзінің Instagram парақшасында жазды
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Қазақстандық актриса, әнші әрі продюсер Әсел Сәдуақасовадан коронавирус анықталды, деп хабарлайды Almaty.tv. Бұл туралы ол өзінің Instagram парақшасында жазды.
«Мен ауырып қалдым. Соңғы сәтке дейін саумын деп ойлап едім, бірақ араласатын адамдардың көбі ауырып жатқанда сау қалу қиын екен. Сақтаныңыздар! Кім ниеттес болса, мен үшін дұға тілеңіздерші?! Алда жағдай қалай боп жатқанын жазып отырам. Бұл үйде отырып, өзін қорғауға шақырған жазба. Мен секілді оңды-солды шыға бермеңіздер», – деп жазды ол.
Естеріңізде болса, наурыз айының ортасында «актриса коронавирус жұқтырып алды» деген сыбыс шыққан. Алайда кейін Әсел Сәдуақасова бұл хабарды жоққа шығарған болатын.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
2026 жылғы қазанда қазақстандықтар қалай демалады
08.10.2026 12:00
Банк шоты бұғатталған кезде не істеу керек
07.10.2026 18:29
Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Түрікменстанға барды
07.10.2026 23:05
Сұлтан, Омар, Осман: Түркістан облысында үшем дүниеге келді
07.10.2026 19:39