Қазақстанда коронавирустың жаңа штамы анықталды

ашық дереккөз
ашық дереккөз
Аурудың алғашқы жағдайлары Нигерия мен Ұлыбританияда анықталды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазақстанның 4 өңірінде коронавирустың жаңа штамы анықталды. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Eta» штамы Қарағандыда  1, Маңғыстауда  2, Павлодарда  1, Нұр-Сұлтанда 1 дерек тіркелген.

«Денсаулық сақтау министрлігі 2021 жылдың шілде-тамыз айларында КВИ науқастарынан алынған оң зертханалық үлгілерді секвенирлеу әдісімен коронавирустық инфекцияға генетикалық зерттеу жүргізді.

Секвенирлеу қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасында 96 үлгіде штамдар айналымы белгіленген Delta «Үнді штамы»  57 (59,4%), Alpha «Британдық»  24 (25%), «Ухань» коронавирусы  10 (10,4%) және eta «Нигерия»  5 (5,2%).

Eta «Нигерия» штамының айналымы 4 өңірде айқындалды (Қарағанды  1, Маңғыстау  2, Павлодар  1, Нұр-Сұлтан  1).

«Eta» штамның пайда болуы 2020 жылдың желтоқсанында белгілі болды, аурудың алғашқы жағдайлары Нигерия мен Ұлыбританияда анықталды»,  деп жазды министр желіде.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының 2021 жылғы 15 қыркүйектегі деректері бойынша «Eta» штамы әлемнің 77 елінде бөлінген, ДДҰ санаты бойынша «бақылауды» талап ететін штамдарға жатады. Клиникалық белгілері Alpha (Британдық) және Beta (Оңтүстік Африка) штамдары (жоғары қызба, жөтел, иіс пен дәм жоғалту, ауыр ауру және т.б.) сияқты.

«Осыған байланысты Денсаулық сақтау министрлігі әрбір қазақстандықты өз денсаулығын және жақындары мен туыстарының денсаулығын сақтауға қамқорлықпен қарауға шақырады. Инфекциядан және ауруханаға жатқызудан қорғаудың жалғыз тиімді әдісі  COVID19 вакцинациясының аяқталған курсы», – деп толықтырды министр өз сөзін.

Сондай-ақ, Денсаулық сақтау министрі вирустың таралу қаупін азайту үшін барлық алдын алу шараларын: маска кию, әлеуметтік қашықтықты сақтау, қол гигиенасы, үй-жайларды желдету және т.б. сақтауға шақырды.

Новости партнеров