Дәрігерлер "омикрон" штамын жұқтырған балаларда болатын белгілерді атады

bolgrad.net
bolgrad.net
Ғалымның айтуынша, ересектер мен балаларда ауру белгілерінің ерекшеліктері бар
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Британдық дәрігер Дэвид Ллойд "омикрон" штамын жұқтырған балаларда болуы мүмкін белгілерді атады, деп хабарлады Almaty.tv тілшісі Sputnik сайтына сілтеме жасап.
Бұл туралы маман Sky News теларнасына берген сұхбатта айтты. Айтуынша, ересектер мен балаларда ауру белгілерінің ерекшеліктері бар.

Ғалымның сөзінше, коронавирус жұқтырған науқастардың аздаған тобында ғана денелерінде бөртпе шығатын. Алайда осы штамды жұқтырған балалардың 15 процентінің денесінде ерекше бөртпе пайда болған. Сонынмен қатар тәбеттің нашарлауы, шаршаңқылық белгілері де жиі кездеседі.

Дәрігер вирустың бұл штамы туралы алдағы уақытта көбірек мәліметтер жинақталады деген үмітте.

"Бұл штамм өзгелерге қарағанда өлім-жітім тудырмайды, біз онымен күресе аламыз деп үміттенейік. Иә, әрине қауіп-қатер аз емес", – деді ол.

Оның айтуынша, "омикрон" да "дельта" сияқты өкпені зақымдауға бейім. Сондықтан пневмония тудыруы ықтимал. 

Новости партнеров