|
10.04.2020 | 11:58
8507

Алматыдағы коронавирустан қайтыс болған адам туралы толық ақпарат

Науқас әйелдің коронавирусқа тапсырған сараптамасының нәтижесі 16 наурызда белгілі болған

Алматыдағы коронавирустан қайтыс болған адам туралы толық ақпарат пресс-служба акимата г. Алматы

Кеше 9 сәуір күні Алматыда сағат 23.50 кезінде өкпені жасанды желдету аппаратында аса ауыр жағдайда жатқан науқас қайтыс болды. Бұл – Алматы қаласында коронавирус бойынша тіркелген бірінші өлім, деп хабарлайды Almaty.tv әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ол туралы бүгін қала әкімдігінің баспасөз орталығында өткен онлайн брифинг кезінде Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев хабарлап, марқұмның туған-туыстарына көңіл айтты.

Басқарма басшысы науқастың коронавирус инфекциясын жұқтырғандармен байланыста болғандығын және оның инфекция жұқтырғаны 16 наурыз күні анықталғандығын айтты.

Науқастағы қосымша ауруларымен, атап айтқанда, өкпенің созылмалы обструктивті ауруы, жүректің созылмалы жеткіліксіздігі мен жүректің ишемиялық ауруларымен қоса, стенокардия, артериялық гипертензиясымен байланысты 18 наурыз күні ол реанимация және қарқынды терапия бөлімшесіне жатқызылған.

Жүргізілген қарқынды терапияға қарамастан, науқастың жағдайы, әсіресе тыныс алу, жүрек-қан тамырларының полиоргандық жеткіліксіздігінің өршуімен прогрессивті түрде нашарлаған.

9 сәуір күні науқастың қосымша аурулары үдеп, сағат 23.20-да қан айналымы тоқтаған. 30 минут бойы жүргізілген реанимациялық іс-шаралар нәтижесіз аяқталып, сағат 23.50-де биологиялық өлім тіркелді.

Науқастың негізгі диагнозы: COVID-19 коронавирустық инфекциясы расталған. Екі жақты полисегментті пневмонияның ауыр түрі. Екі жақты плеврит. Өкпенің ісінуі мен Лайелла синдромы.

«Біз дереу әйелдің қайтыс болғаны туралы оның туыстарына хабар бердік және олар белгіленген тәртіпке сай марқұммен қоштаса алды», - деді спикер.

Айта кетейік, қазіргі уақытта Алматыда КВИ жұқтырудың тағы бір жағдайы тіркеліп отыр, жалпы алғанда бұл қала бойынша 122-ші жағдай.

Бұл науқас инфекция жұқтырғандармен байланыста болған, 1967 жылғы әйел. Жағдайы пневмония есебінен ауырлықтың орташа дәрежесі ретінде бағалануда.

Бүгінгі күні инфекциялық стационарларда 96 КВИ жағдайы (оның біреуі облыстық) тіркелген, арасында 4 бала бар. 72 науқастың жай-күйі қанағаттанарлық. 1 адамның жағдайы өте ауыр, 4-уінде – ауыр болса, 19 ересек адамның жағдайы – ауырлықтың орташа дәрежесі (1 облыстық) деп бағаланған.

Естеріңізге салсақ, бүгінге дейін 26 адам коронавирустық инфекциядан сауығып шықты.

Провизорлық орталықтарда 250 адам, оның ішінде 29-ы балалар, 384 азамат карантиндік оқшаулауда болса, 5306 адам үй жағдайындағы карантинде.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир