Түркияда демалыс күндері қайтадан коменданттық сағат енгізілді

REUTERS/Murad Sezer
REUTERS/Murad Sezer
Түркияда түнгі уақытта мейрамханалар мен кафелер тек тамақты клиенттің өзі алып кету қызметі арқылы жұмыс істей алады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Түркияда демалыс күндері коменданттық сағат енгізіледі, деп хабарлайды Almaty.tv.

Мұндай шараны қолдануға елдегі эпидахуалдың нашарлауы себеп болып отыр. Сенбі және жексенбіде COVID-19 жұқтыру қаупі жоғары аймақтарда тұрғындардың үйден шығуына тыйым салынады. Бұл шектеу 12 сәуірден 12 мамырға дейін сақталады. Бұдан басқа жалпыұлттық коменданттық сағат 21:00-ден 05:00-ге дейін жалғасады. 

Румынияда жаңа карантиндік шаралар күшіне енгеннен кейін мыңдаған адам наразылық білдіріп, қала көшелеріне шықты. Жексенбіде билік тарапынан қойылған қатаң шектеулерге қарсылық танытқандар Румыния астанасы Бухаресттің орталық алаңынан жиналды.

Айта кету керек, дүйсенбіде елде пандемия басталғалы індетке шалдыққандардың ең көп көрсеткіші тіркелді.

Новости партнеров