|
05.03.2020 | 12:52
8233

«Өздеріңізді сақтаңыздар»: Димаш Құдайберген коронавируспен күресіп жүрген дәрігерлерді қолдады

Димаш өзінің Instagram-дағы парақшасында қытайлық дәрігерлердің фотосуреттері бар жазба жариялады

«Өздеріңізді сақтаңыздар»: Димаш Құдайберген коронавируспен күресіп жүрген дәрігерлерді қолдады социальные сети

Танымал қазақстандық әнші Димаш Құдайберген Уханьдағы коронавирустың өршуімен күресіп жүрген дәрігерлерге тілек білдірді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Stan.kz-ке сілтеме жасап.

Димаш өзінің Instagram-дағы парақшасында қытайлық дәрігерлердің фотосуреттері бар жазба жариялады. Дәрігерлердің біреуінің формасында Dimash және Dear жазылған. Ол суреттерді Weibo (қытайлық Instagram) әлеуметтік желісінен көрген.

«Мен өзімнің қытайлық Instagram-ымнан Ухань қаласында коронавирустан адамдарды ерлікпен құтқарып жүрген Dear-дәрігерлердің фотосын көрдім. Жақында бәрі аяқталады деп үміттенемін. Өздеріңізді сақтаңыздар!» –  деп жазды әнші.



Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров

Janalyqtar tizbegi

След. →
Прямой эфир