Солтүстік Қазақстан облысында блок-бекеттер қайта орнатылды

ehonews.kz
ehonews.kz
Пандемияның екінші толқынын болдырмау мақсатында еліміздің бірқатар облыстарында карантин шаралары күшейтілді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Солтүстік Қазақстан облысында блок-бекеттер қайта орнатылды. Соңғы кезде ресеймен шекаралас өңірлерде вирус жұқтырғандардың саны артып келеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Пандемияның екінші толқынын болдырмау мақсатында еліміздің бірқатар облыстарында карантин шаралары күшейтілді. Петропавл қаласында тіпті шаhарға кіріп-шығуға шектеу қойылған.

Бүгінен бастап Петропавл қаласы мен Қызылжар ауданы  карантинге жабылды. Қала мен аудан аумағы маңында арнайы блок-бекеттер қойылған. Таң атқаннан бері бекеттерден ондаған көлік өтуде. Александр Самусек Ресейдің Омбы қаласына жол жүріп барады. Бұған дейін Қазақстанға кіргенде тест тапсырған. Сондықтан қазір де  Петропавл қаласын өтпек болып ПТР анықтамасын алған. Кезек күтіп тұрғандардың бірі блок-бекеттер қойылғаны дұрыс десе, ал бірі кедергі, біршама уақытымызды жоғалтамыз деп наразы.

БЛИЦ:  

- Омбы қаласында күніне 200-дей  адам ауырып жатқанын естідім. Сондықтан блок-бекеттер қажет, әрине.

- Мен қалаға көмір сатып алуға бара жатырмын. Анықтама ештеңе жоқ. Өзімді жұмыспен қамтыған адаммын. Анықтаманы қайдан аламын. Өткізе ме, белгісіз.

- Дене қызуын ғана өлшесе, жарайды, құжат тексеру көп уақыт алады. Салдарынан ұзын кезек пайда болады.

Бас санитарлық дәрігердің қаулысына сәйкес блок-бекеттер арқылы қалаға кіріп-шығу кезінде қолында арнайы ПТР-тесттінің анықтамасы болуы қажет. Ол үш күнге жарамды. Ал арнайы категорияға енетін тұрғындар жұмыс орнынан анықтама арқалы блок бекеттерден өтулеріне болады.

«Халықтың өміріне қажетті тауарлар таситын автокөліктер мен қызметшілеріне өтуге болады. Мемлекет саласында қызмет атқарып жатқан қызметкерлерге медицина саласының қызметкерлеріне, коммуналдық саласының қызметкерлеріне өтуге болады. Бірақ ол қызмектерлердің қолдарында анықтама  қағазы болуы қажет. Ол анықтама қағазында қызметкердің аты-жөні жазылып басшылықтарынан қолы қойылып, мөрі қойылуы керек», – деді СҚО ПД жергілікті полиция басқармасының басшысы Айдын Байматов.

Жалпы Солтүстік Қазақстан бойынша бес блок бекеті пен 12 карантин бекеттері орнатылған. Одан бөлек Ақмола, Қостанай, Павлодар облыстарында карантиндік шаралар дәл осылай күшейтіліп жатыр. Бұл өңірлердің бәрі Ресеймен шекаралас орналасқан. Онда тек соңғы тәулікте 20 мыңнан астам COVID жұқтыру оқиғасы тіркелді.

Новости партнеров