Алматы емханасының бас дәрігері: Антиваксерлердің сеніміне сақтықпен қараған жөн

Алматы емханасының бас дәрігері: Антиваксерлердің сеніміне сақтықпен қараған жөн
Бас дәрігер атап өткендей, коронавирус жұқтырғандар санының артуына байланысты олардың медициналық мекемесінің мобильді топтары күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда екпе бөлмелері 1 ақпанда жұмыс істей бастады.№1 қалалық емханада коронавирусқа қарсы алғашқы егу пункттерінің бірі орналастырылды. Біз медициналық қызметкерлер мен санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің қызметкерлерін вакциналаудан бастадық, кейінірек барлығы вакциналануға мүмкіндік алды. №1 қалалық емхананың бас дәрігері Азамат Заиров екпе науқаны туралы айтты, деп хабарлайды Almaty.tv

Бас дәрігер атап өткендей, коронавирус жұқтырғандар санының артуына байланысты олардың медициналық мекемесінің мобильді топтары күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр.

«Бүгінде біздің емханада 6 дәрігер мен 9 медбикеден тұратын 6 мобильді топ жұмыс істейді. Сонымен қатар, ересектер мен балалар бөліміне арналған 2 дәрігер мен 3 медбикеден тұратын фильтр-бөлмелері бар. КВИ-мен күресуге 4 санаттағы жедел жәрдем бригадасы да жұмылдырылған, оның құрамында 4 фельдшер мен сонша диспетчер бар»,– деді А. Зайыров.

Бас дәрігер бүгінде коронавирус жұқтырған 350 науқас Алматыдағы №1 емхананың медициналық топтарының бақылауында екенін айтты.

Өзін-өзі қорғау үшін емхана қызметкерлерінің барлығы түгел коронавирус инфекциясына қарсы вакцина салдырды.

«335 медицина қызметкерінің ішінде 323 адамға екпе жасалды. Бұл жалпы көрсеткіштің 96%-ын құрайды, қалған қызметкерлерде медициналық қарсы көрсеткіштер бар»,– деді А. Зайыров.

№1 емхананың бас дәрігері Гам-Ковид-Вак (Спутник-V) вакцинасының бірінші компонентін 2 ақпанда, ал екінші компонентті 2021 жылы 23 ақпанда алғанын айтты. А. Зайыровтың айтуынша, жалпы әлсіздіктен басқа жанама әсерлері болмаған әрі ол ұзаққа созылмаған.

Бас дәрігер поликлиникада егу процесі қалай ұйымдастырылғанын айтты.

«Профилактикалық егуге қарсы көрсетілімдері жоқ адамдарға вакциналануға рұқсат етіледі. Вакциналау алдында дене температурасын өлшеу, эпидемиологиялық анамнез жинау, қанықтылықты өлшеу, жүрек соғу жиілігін, қан қысымын өлшеу, тыныс алу және жүрек-қантамыр жүйесінің аускультациясы мен тамақты тексерумен міндетті медициналық тексеру жүргізіледі. Егер температура 37°C-тан асса, вакцина кейінге қалдырылады»,– деді А. Зайыров.

2021 жылдың ақпанынан бастап емханада бірінші компонентпен 17 755 адам, екінші компонентпен 13 939 адам егілді. Бүгінгі күні №1 емханада Гам-Ковид-Вак және Синофарм вакциналары бар.

А. Зайыровтың айтуынша, вакциналардың сапасы мен олардың қауіпсіздігіне алаңдаудың қажеті жоқ. Алайда, антиваксерлердің сенімдеріне сақтықпен қараған жөн.

«Халық арасында антиваксерлер деп аталатын ковидтік диссиденттер халықтың 5%-ынан аспайды. Алайда, олардың шамадан тыс белсенділігі мен біз жақында ғана байқағанымыздай, агрессивті әрекеттердің арқасында олар ел назарын өзіне аударып, жұртшылықтың бойында жалған сенім тудыруға тырысуда»,– деді А. Зайыров.

Бас дәрігердің айтуынша, бүгінде әлемде 99 миллионнан астам адам зертханалық расталған коронавирус инфекциясын жұқтырған. Соңғы уақытта әлемде дер ушығып тұр. Қайтыс болғандар саны өсуде. Сондықтан вакциналану қажет. Сонымен қатар, көптеген елдерде вакцинация өткен жылдың соңынан бастап жүргізілген. Оның пайдасы орасан зор.

«Әрине, біз вакциналаудан соң бірден оң әсерді күтпейміз. Вакциналау екі кезеңде жүргізіледі. Бұл иммунитетті нығайту үшін. Ұжымдық иммунитетті қалыптастыру үшін екпе салдырғандар саны артау түсуі тиіс. Біздің міндет – елдегі эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру, өлімнің алдын алу»,– деді А. Зайыров.

Ол вакцинаны тұмау сияқты маусымдық аурулар басталғанға дейін жасаған дұрыс екенін айтты. Биыл да бұрынғыдай тұмауға қарсы вакцинация 1 қазанда басталады. Ол егу жоспары бойынша жүргізіледі.

«Жыл сайын жергілікті бюджеттен қауіп төнген халықты тұмауға қарсы екпемен қамтамасыз етуге қаражат бөлінеді. Вакцинация 2-3 триместрдегі жүкті әйелдерге, жиі ауыратын балаларға, созылмалы аурулары бар ересектерге, 65 жастан асқан адамдарға, сондай-ақ медицина қызметкерлеріне жүргізіледі»,– деді А. Зайыров.

Қоғамдық денсаулық басқармасының мәліметінше, 30 тамыздағы мәлімет бойынша, Алматыда 1 309 коронавирус инфекциясының жағдайы тіркелді. Инфекциялық стационарларда 5 551 адам бар, оның ішінде 142 бала. Реанимацияда 462 адам бар, 69 науқас ӨЖЖ аппаратына, 197 жұқтырған инвазивті емес ӨЖЖ аппаратына, 201 адам High flow аппаратына қосылған.

Бүгінде АМСК мен Телемедицина орталығының мобильді топтары 11 157 науқас үйлерінде бақылауда.

Дерт жұқтырғандар саны артуда, ал медицина қызметкерлері вакцина арқылы ұжымдық иммунитетті қалыптастыру үшін күресуде. Алматыда өткен тәулікте бірінші компонентпен 2 050 адам, екінші компонентпен 3 832 адам егілді.

Барлығы 2021 жылдың 1 ақпанынан 30 тамызына дейінгі барлық кезеңде Алматыда бірінші компонентпен 867 286 адам, екіншісімен 724 837 адам егілді. Вакциналанған адамдардың жалпы санынан 60 жастан асқандар 110 236 адамды құрайды.

Новости партнеров